Дәстүрлі құндылықтарды үйрету жобасы



2023 жылғы сәуірден бастап «Отандастар қоры» дәстүрлі өнер мен ұлттық спортты дәріптеу мақсатында шетелдегі қазақтар шоғырланған аумақтарда домбыра, би, қазақша күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ т.б. оффлайн сабақтарды өткізетін мұғалімдерді қаржыландыру жобасын бастады. Жоба ұлттық өнер (би, домбыра, қолөнер) және спорт (тоғызқұмалақ, қазақша күрес) түрлерін дәріптей отырып, ұлттық санасезімді оятуды мақсат етеді.

Жоба жарияланғалы 10-ға жуық алыс-жақын шетелдерден 30-ға жуық өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 6 елде (Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, АҚШ) жалпы 18 курс өтуде. 

Аталған курстарда 200-ден астам оқушылар дәріс алуда. 2023 жылғы сәуір-қыркүйек аралығында 1152 сағат сабақтар өткізілді.

Офлайн курстар өткізілетін қалалар тізімі

  • – Калифорния штаты, АҚШ, «California Qazaq Community» ұйымы: домбыра, ұлттық би және ән айту курстары;
  • – Еуропа елдері: тоғызқұмалақ курсы;
  • – Еуропа елдері: домбыра, қолөнер курстары;
  • – Манас ауылы, Қырғызстан Республикасы: тоғызқұмалақ курсы;  
  • – Ташкент облысы, Куй Чирчик ауданы, Өзбекстан Республикасы: домбыра курсы;
  • – Анталия қаласы, Түркия Республикасы: домбыра және ұлттық би курстары;
  • – Ыстанбұл қаласы, Түркия Республикасы: домбыра курсы;
  • – Налайх қаласы, Моңғолия, «Ел бірлігі» ұйымы: домбыра курсы;
  • – Ұлан-Батыр қаласы, Моңғолия, «Алаш Моңғолия» ұйымы: домбыра курсы;
  • – Ұлан-Батыр және Баян-өлгей қалалары, Моңғолия, Тоғызқұмалақ Федерациясы: тоғызқұмалақ курсы.