«Отандастар қоры» КеАҚ Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, шетелде тұратын отандастарға қазақ тілін үйрету мақсатында офлайн-сыныптар ұйымдастырады.
Жобаның негізгі мақсаты – шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін үйренуіне қолайлы жағдай жасау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және отандастардың ұлттық тіл мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
«Абай институты» жобасы аясында шет мемлекеттерде қазақ тілін оқытуға арналған арнайы сыныптар ашылып, білім беру процесін ұйымдастыру және үйлестіру үшін кураторлар тартылады.
2020 жылы офлайн-сыныптар жұмыс істеген қалалар:
Вашингтон, АҚШ;
Ыстамбұл, Түркия;
Антверпен, Бельгия;
Горган, Иран.
2021 жылы офлайн-сыныптар жұмыс істеген қалалар:
Ыстамбұл, Түркия;
Антверпен, Бельгия;
Горган, Иран;
Париж, Франция;
Берлин, Германия;
Ұлан-Батыр, Моңғолия.
2022 жылы офлайн-сыныптар жұмыс істеген қалалар:
Хьюстон, АҚШ;
Париж, Франция;
Мюнхен, Германия;
Будапешт, Венгрия;
Горган, Иран;
Ұлан-Батыр, Моңғолия;
Астрахан, Ресей;
Мәскеу, Ресей;
Анталия, Түркия;
Мадрид, Испания.
2023 жылы офлайн-сыныптар жұмыс істеген қалалар мен өңірлер:
Варшава, Польша;
Ұлан-Батыр, Моңғолия;
Горган, Иран;
Ыстамбұл, Түркия;
Анталия, Түркия;
Париж, Франция;
Вена, Аустрия;
Калифорния штаты, АҚШ.
Жобаның негізгі сандық көрсеткіштері:
2020 жыл: 50 адам оқытылып, 200 сабақ өткізілді.
2021 жыл: 90 адам оқытылып, 280 сабақ өткізілді.
2022 жыл: 290 адам оқытылып, 420 сабақ өткізілді.
2023 жыл (маусым–қараша): 150 адам оқытылып, 232 сабақ өткізілді.
Жоба шетелдегі отандастардың қазақ тілін меңгеруіне, ұлттық бірегейлігін сақтауға және тарихи Отанымен мәдени-рухани байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.