Батыс Қазақстан облысы

Елді-мекенді таңдаңыз:

Орал қаласы

Орал қаласының тарихы – ерекше тарих, өйткені, ол туралы жазба деректер ХVІІІ ғасырдан бастап пайда болғанымен, оның археология ғылымы тарапынан зерттелуі соңғы жылдары ғана қолға алына басталды. Қала мәдениеті қазаққа жат болмаған. Картографиялық және жазба деректерге сүйенсек Алтын Орда сияқты алып мемлекеттің тұсында 210 шаһар болғандығы анықталса, соның бірнешеуі Ақ Жайық өңірінде орналасқаны белгілі.

Орал қаласы туралы "ОРАЛ ҚАЛАСЫ ТАРИХЫ" КІТАБЫ сілтеме арқылы өтіп, толық ақпаратпен танысуға болады.

Жалпы ақпарат:

Орал қаласы 1613 жылы құрылған және Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде, көркем дала жазығында орналасқан. Ол Қазақстан Республикасы шегінде ұзындығы 1082 км болатын Жайық өзенінің орта ағысының оң жағалауында және Шаған өзенінің төменгі ағысының сол жағалауында орналасқан. 

Жер аумағы: 700 шаршы км.

Халық саны: 2025 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 234 167 адамды құрайды.

Әкімшілік бөлініс: Орал қаласы - Батыс Қазақстан облысының орталығы. Қала аумағына 4 кенттік округ Желаев, Деркөл, Зашаған, Круглоозерный кіреді. 

Өнеркәсіп: Өнеркәсіптің негізгі салаллары машина жасау, металл өндеу, металлургия, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру болып табылады. 

Білім: Қала бойынша 50 күндізгі жалпы орта білім беретін мектептер болса, оның ішінде 48- орта мектебі, 2-уі негізгі және 1-кешкі ауысымды мектеп. Сонымен қатар 5 гимназия (№34, №42, №44, ВБМГ, ЭБМГ) және 5 лицей (№27, №28, №35, №38, №41) өз жұмысын жалғастырып келеді. Лицей гимназиялардың ішінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер 60 пайызды құрайды.

Спорт: Орал қаласының дене шынықтыру және спортпен айналысуға Мұз спорт сарайы (Орал қ. Абай даңғ. 236), «Жайық самалы» жүзу бассейні(Орал қ. Жеңіс ш/а 5), «Энергия» жүзу бассейні(Орал қ. Есқалиев көш. 175), Теннис орталығы (Орал қ. Астана ш/а 18), «Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебінің» спорт кешені(Орал қ. Әйтиев көш. 72А), «Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің «Жекпе-жек» спорт кешені(Орал қ. Зачаганск кенті, Мөңкеұлы к-сі 114а), «X-fitness» спорт кешені (жеке)(Орал қ. М.Жүнісов к-сі, 134), «Орал» спорт клубының спорт кешені(Орал қ. Деркөл кенті, Даль к-сі. № 7/3)  есіктері ашық, және де биыл салынған «Жәңгір хан» спорт кешені(Орал қ. Зашаған кенті Жәңгір хан к-сі 51а), «Kodokan spirit» (Орал қ. Коняхин көш., 1а.), «Облыстық мамандандырылған олимпиада резервіні балалар жасөспірімдер мектебінің» спорт кешені(Орал қ. Зашаған кенті, Бірлік к/сі) және спорт алаңдары жұмыс жасайды.