Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.

МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады. Яғни, халықтың 15 жеңілдік санатындағы 11 млн-ға жуық азаматқа мемлекет жарна төлейді.

Екі пакет бар: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), оларға сәйкес адамдар медициналық көмек ала алады.

Толығырақ ақпарат: https://egov.kz/cms/kk/articles/health_care/osms

Зейнетақы мәселесі

Қандас мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.

Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті олардың заңды өкілдері береді.

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.

Заңға сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011110

№028 анықтама алу медициналық мекемелер