Павлодар облысы
Павлодар қаласы – Қазақстан Республикасының аттас облысының әкімшілік орталығы. Еліміздегі ең ұзын өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың климаты орташа, күрт континенталды, суық қыс мезгілін сипаттайды, ол алты айға жуық созылады, ал жаз мезгілі ыстық және қысқа. Құрылған жылы 1861 жыл.
Жер аумағы: 633 ш.км. Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 443,7 км құрайды, оның ішінде 394,3 км.асфальтбетон жабыны бар және 49,4 км. топырақ жабыны бар.
Халық саны: 2023 жылдың 1 желтоқсан бойынша -368,3 мың адам құрайды.
Әкімшілік бөлінісі: Павлодар қаласына Кенжекөл ауылдық округ, Атамекен кенті және Жетекші, Мойылды, Павлодар ауылдары жатады.
Денсаулық сақтау: Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 2 емхана; 2 қалалық аурухана; қалалық балаларды оңалту орталығы; 3 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке медициналық мекемелер.
Білім: Кәсіптік колледждер мен лицейлер саны – 29,Жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер саны – 45, Жекеменшік жалпы білім беретін мектептер - «Лингва», «Детвора», «Академия успеха», 1 оқу-өндірістік комбинат, Мектепке дейінгі ұйымдардың саны – 85, жекеменшік балабақшалар - Лингва, Солнышко б/б, «Игілік» балаларды сауықтыру-дамыту орталығы, Инара балаларды дамыту орталығы, «Smart kid» сәбилербақшасы» ЖШС, «Zerek bala» білім беру орталығы, «Nimat» арнайы балабақшасы, «Точка роста».
Мәдениет пен спорт: Сарайлар, мәдениет үйлердің саны – 8, театрлар – 2,кітапханалар – 12, мұражайлар – 9, 1 филармония, 4 стадион, 13 бассейндер, 150 спортзалдар, 2 шаңғы базалары, 647 жазық құрылыстар. Бұқаралық ақпарат құралдарынан: 6 газет, 1 журнал, 1 радиостудия, 2 телеарна.