Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы - Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік, мәдени және әкімшілік орталығы. Өскемен 1720 жылы құрылған, Қазақстанның солтүстік-шығысында, Ертіс пен Үлбі өзендерінің түйіскен жерінде орналасқан. Қала Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің жағасында, Астана қаласынан 947 км. қашықтықта орналасқан. Өскемен қаласына жеті ауылдың аумағы кіреді: Ахмирово, Ново-Ахмирово, Ново-Явленка, Самсоновка, Меновное, Ново-Троицкое, Прудхоз.
Аумағы – 540 шаршы км.
Халық саны – 2023 жылғы статистикалық қорытынды бойынша 400 142 адам.
Білім: Жалпы білім беретін мектептер саны - 53, балабақшалар саны – 83, колледждер -16, қосымша білім беру нысандары (музыкалық мектеп, мектеп-интернат, өнер мектебі) – 6.
Денсаулық сақтау: Емханалар саны -15, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар – 3, фельдшерлік-акушерлік пункттер – 3, медициналық пункттер -3.
Мәдениет және спорт объектілері: Барлық мәдени объектілерінің саны 29 (мәдениет сарайы 1, мәдениет үйі 3, клубтар 2, кітапханалар -18), Спорт нысандары: хоккейге арналған алаңдар - 18, спорт залдар - 89,ойын алаңдары – 160, жүзуге арналған бассейндер – 11, ипподром – 1. Діни бірлестіктердің ішінде мұсылман мешіттердің саны– 5 нысан.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, өнеркәсіп: Кенді Алтай аймағында орналасуына байланысты ҚР-ның түсті металдар орталығының бірі саналады, жетекші сала – түсті металдар өндіру.
2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері мынадай серпінге ие: Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 трлн. 861,8 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы – 27,9 млрд. теңге, Инвестициялар – 309,7 млрд. теңге, құрылыс жұмыстары – 156,5 млн. теңге, бөлшек тауар айналымы – 972,1 млрд. теңге.
2024 жылғы 1 қаңтарға тіркелген Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің жалпы саны 41641 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері 36520 бірлікті құрады, өсу қарқыны өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,9%құрады.
2023 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 трлн. 861,8 млрд. теңге, Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,6 млрд.теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі-1 трлн. 761,8 млрд.теңге, оның ішінде: металлургия, металл конструкцияларын өндіру, химия өнеркәсібі, қағаз және қағаз өнімдерін өндіру, өзге де металл емес минералды өнімдерді (құрылыс материалдарын) өндіру. Табиғи түрде тазартылған алтын, өңделмеген мырыш, электр конденсаторлары, фторлы қышқыл өндірісі өсті.
Ауыл шаруашылығы: Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2023 жылы 27,9 млрд.теңгені құрады. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,5 есеге ұлғайды. Өзінің мамандануы бойынша қаланың ауыл шаруашылығы дамыған қосалқы шаруашылықтары бар өсімдік шаруашылығы бағытына ие. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында мал шаруашылығы 15,9%, өсімдік шаруашылығы 83,9% құрайды.
Туризм: Қала Әлеуметтік және мәдени нысандардың, өңірлік деңгейдегі бизнес-кездесулер өткізуге арналған алаңдардың кең желісінің болуына байланысты туризм саласындағы мәдени-танымдық, спорттық және кәсіпкерлік мамандандырумен сипатталады. Облыс орталығында Спорт сарайы, Жекпе-жек сарайы, Жеңіл атлетика манежі бар. О. Рыпакова, қазақ драма театры, Металлургтер мәдениет сарайы, "Ертіс концерт" мәдени орталығы, Сол жағалау кешені, демалыс саябақтары, кинотеатрлар, мейрамханалар, ойын-сауық кешендері, қонақ үйлер, клубтар, мұражайлар және т. б.