«Ата жолы» картасын алу тәртібі

«Ата жолы» картасы


«Ата жолы» картасы – шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанда бизнес жүргізу мақсатында көшіп келушілерге немесе талап етілген кәсіптері бар адамдарға берілетін құжат.

«Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі. Дегенмен, ол өтініш берушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзіміне байланысты шектелетінін ескеру жөн.

«Ата жолы» картасы келесі санаттардың біріне сәйкес ұсынылады:

  1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және қойылатын талаптарды бекіту туралы» Жарлықта (сілтеменің батырмасы болады) көрсетілген мамандық иелеріне;
  2. «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа (сілтеменің батырмасы болады) сәйкес талап етілетін кәсіп иелеріне;
  3. тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген және жұмыс істеп тұрған бизнесі бар азаматтарға.

«Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтінішті «Құтты мекен» мобильдік қосымша немесе Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы арқылы өтініш бере аласыздар.

Өтінішпен қоса келесі құжаттарды тапсырасыздар:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған аудармасымен;
  • жоғарыда аталған санаттардың біріне сәйкес келетін мамандығын дәлелдейтін диплом мен сертификаттар және азаматтығы бар елде жұмыс істеп тұрған бизнесі растайтын құжаттарды, нотариалды куәландырылған аудармасымен;
  • жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарынан алынған ұлтын растайтын ресми анықтамалық құжат.


«Ата жолы» картасын ұсыну тәртібі - презентация PDF форматта