Абай облысы

Елді-мекенді таңдаңыз:

Семей қаласы

Семей қаласы – Абай облысының ірі экономикалық, көліктік және мәдени орталығы. Қаланың әкімшілік – аумақтық құрамына 2 кент және 12 ауылдық округ кіреді, онда 30 ауылдық елді мекен шоғырланған. Семей қаласы 1718 жылы құрылған. Қала аумағы 27,8 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Семей қаласы Ертіс өзенінің екі жағасында стратегиялық теміржол, автомобиль, су және әуе көлік артерияларының қиылысында орналасқан. Семей қаласына әкімшілік бағынысты аумақ 1997 жылы бұрынғы Семей облысының Абралы және Жаңасемей аудандары аумағының бір бөлігінің қосылуы нәтижесінде қалыптасты және 27,8 мың шаршы шақырымды құрайды. Аймақ Шығыстан Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданымен, Абай облысының Жарма ауданымен, солтүстіктен Бородулиха ауданымен, батыста Павлодар облысымен, оңтүстікте Қарағанды облысымен, Абай облысының Абай және Аягөз аудандарымен шектеседі.

Семей қаласы бойынша халық саны - 313 567 адамды (2023 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша) құрайды. Жер аумағы – 27,8 мың шаршы шақырым.

Әкімшілік бөлініс: Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрамына 2 кент (Шүлбі, Шаған) және 12 ауылдық округ (Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Достық, Жиенәлі, Көкентау, Ертіс, Қараөлең, Новобаженово, Озерки, Приречный) кіреді, онда 30 ауылдық елді мекен шоғырланған.

Өнеркәсіп: 2023 жылдың қорытындысы бойынша Семей қаласы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны-33 764 бірлікті құрады, өсу қарқыны 2022 жылдың ұқсас кезеңіне 105,8% немесе Абай облысы бойынша бизнес субъектілерінің жалпы санынан 58,3% құрады (57 925 бірлік), оның ішінде:

  • жеке кәсіпкерлер -27 746 бірлік немесе жалпы санының 82,2 % ;
  • заңды тұлғалар-4837ед. немесе жалпы санының 14,3 % ;
  • шаруа қожалықтары 1181 бірлік немесе жалпы санының 3,5%.

2023 жылдың 12 айында жалпы Семей қаласының өнеркәсібі бойынша өнім (тауарлар, қызметтер) көлемі қолданыстағы бағамен 496,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың (2022 жылғы қаңтар - желтоқсан – 451,2 млрд. теңге) сәйкес кезеңінен 45,2 млрд. теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі - 115,3 %.

Қаланың өңдеу өнеркәсібінде ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 429,7 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, бұл өткен жылдың (2022 жылғы қаңтар - желтоқсан – 388,6 млрд. теңге) ұқсас кезеңінен 41,0 млрд. теңгеге немесе жоғары. НКИ - 118,6 %.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 37,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың (38,2 млрд.теңге) тиісті кезеңінен 0,7 млрд. теңгеге аз. НКИ-111,1 %.

Білім: Семей қаласы бойынша оқу орындарының саны: жалпы білім беретін мектептер – 68, қосымша білім беру ұйымдары – 4, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – 60, жоғары оқу орындары – 3, колледждер – 27 (2024 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша).

Денсаулық сақтау мекемелер: Семей қаласы бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің саны – 20 . Оның ішінде ауылдардағы денсаулық сақтау мекемелерінің саны:

  • Абыралы а. о. – медициналық пункт – 1;
  • Айнабұлақ а. о. – фельдшерлік пункт – 1;
  • Ақбұлақ а. о. – медициналық пункт – 1;
  • Алғабас а. о. – дәрігерлік амбулатория – 1;
  • Достық а. о. – дәрігерлік амбулатория – 1;
  • Жиенәлі а. о. – дәрігерлік амбулатория – 1, фельдшерлік пункт – 1;
  • Көкентау а. о. – дәрігерлік амбулатория – 1;
  • Ертіс а. о. – дәрігерлік амбулатория – 2, фельдшерлік пункт – 1;
  • Қараөлең а. о. – аурухана – 1;
  • Новобаженово а. о. – дәрігерлік амбулатория – 1;
  • Озерки а. о. – дәрігерлік амбулатория – 1;
  • Приречный а. о. – дәрігерлік амбулатория – 1;
  • Шүлбі кенті – дәрігерлік амбулатория – 1, облыстық психиатриялық денсаулық орталығы – 1;
  • Шаған кенті – фельдшерлік акушерлік пункт – 1.

Мәдениет орталықтары: Семей қаласы бойынша мәдениет мекемелерінің саны – 12 (мәдениет сарайы – 1, мәдениет үйі – 2, клуб – 2, кітапхана – 4, мұражай – 4).

Ауылдардағы мәдиениет орталықтарының саны:

  • Абыралы а. о. – клуб – 1, кітапхана – 1, үйірме – 1;
  • Айнабұлақ а. о. – клуб – 1;
  • Ақбұлақ а. о. – клуб – 1, кітапхана – 1;
  • Алғабас а. о. – клуб – 1, ансамбль – 2, үйірме – 2, кітапхана – 1;
  • Достық а. о. – клуб – 1;
  • Жиенәлі а. о. – клуб – 1;
  • Көкентау а. о. – клуб – 1, үйірме – 9;
  • Ертіс а. о. – клуб – 1, кітапхана – 1;
  • Қараөлең а. о. – мәдениет үйі – 1, кітапхана – 1, спорт мектебі – 1;
  • Новобаженово а. о. – клуб – 1;
  • Озерки а. о. – клуб – 1;
  • Приречный а. о. – клуб – 2;
  • Шүлбі кенті – клуб – 1, кітапхана – 1;
  • Шаған кенті – спорт алаңы - 1.

Ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы – Абай Құнанбайұлының есімі берілген Семей қаласында «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының құрамына кіретін Бас музей кешені орналасқан. Бас музей кешені – 1995 жылы салынған күмбезді ғимарат, көпес Роман Ершовтың үйі, 1993 жылы кешен аймағына көшірілген Ахмет Риза медресе-мешіті, музейдің әкімшілік үйінен тұрады. Музей – Абайдың өмірі мен шығармашылығы және оның ақындық-өнер айналасы, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстары, заттық, құжаттық жәдігерлерді сақтап, насихаттап, қорғап отырған қара шаңырақ болып табылады.

Спорт және дене шынықтыру: Семей қаласында 1 спорт сарайы, 4 стадион, 7 бассейн, 2 ипподром, 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, 51 спорт алаңдары, 3 шаңғы базалары, 24 жасанды футбол алаңдары, 103 спорт залдары жұмыс жасайды.