Құжат алу тәртібі

Қоныс аударудан бастап Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін өтетін рәсімдердің қысқаша сүлбесі ▼

1. Жеке сәйкестендіру нөмірін алу (ЖСН) - Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) алынады.

2. Қандас мәртебесін алу - онлайн түрде https://migration.enbek.kz сайтта, "Enbek Migration" мобильдік қосымшасы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерден алынады.

3. ҚР тұрақты тұруға рұқсат алу - https://migration.enbek.kz сайтта.

4. Ықтиярхат рәсімдеу - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы КеАҚ "Халыққа қызмет көрсету орталығы".

5. Өңірлік квотаға кіруге өтініш беру - https://migration.enbek.kz сайтта.

6. Өңірлік квотаға кірген қандастардың мемлекет тарапынан берілетін бірреттік жәрдемақы алу тәртібі - Жергілікті "Мансап орталығы" (Жұмыспен қамту орталығы КММ).

7. ҚР азаматтығын алу - ҚР ІІМ көші-қон қызметі бөлімшелеріне (аумақтық полиция органдарына).

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу ▼

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін құжаттарды дайындау кезінде ақпараттық жүйе генерациялайтын сандардың бірегей 12 таңбалы комбинациясы.

Ақпараттық жүйеде тұлғаны алғашқы тіркеу кезінде ЖСН автоматты түрде жасалады. Сонымен қатар, болашақта жеке тұлғаға берілген нөмір енді өзгертілмейді немесе қайта берілмейді. Белгілі бір ЖСН-ге (демек – жеке тұлғаға) қатысты мәліметтер сақталады:

  • сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде;
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде (оның ішінде ҚР ҚМ МКК базасында);
  • басқа мемлекеттік мекемелердің базаларында.

ЖСН бірегейлік және өзгертілмеу қағидаттарын ескере отырып автоматты түрде қалыптасады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта өңдеуге жатпайды.

ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бет жағында, туған күнінен төмен, 12 цифрдан тұратын тіркес түрінде орналасқан, ал Қазақстан Республикасы азаматының паспортында ЖСН 2 бетте көрсетілген.

ЖСН алу үшін қандастарымыз және отбасының барлық мүшелері тұрғылықты жері бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығына» жүгінуі қажет. Ол үшін келесі құжаттар талап етіледі:

  • бейрезидент жеке тұлғаның, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;
  • жеке басын куәландыратын құжатының нотариуспен ресімделген қазақ және орыс тіліндегі аудармасы.

ЖСН алуға құжаттарды тапсырған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде беріледі.

ЖСН алуға байланысты түсіндірме видеоны көру: https://www.youtube.com/watch?v=BTfIJqhuZL4&list=PLGkumaJyAlhJAOI8OmuSlCC5yCLiAL0yx


Қандас мәртебесін алу ▼

Қандас мәртебесін алу тәртібінің қысқаша сүлбесі

1. ХҚКО-нан ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба) алу.

2. eGov порталында телефон нөмірін тіркеу.

3. app.testcenter.kz сайтында қазақ тілінен тест тапсыру (шекті көрсеткіш 70 % бен 100 % аралығында).

4. migration.enbek.kz порталында тіркелу, өтініш беру, сауалнамадан өту (кемінде 600 балл) және сұхбаттан өту.

"Қандас" мәртебесі (5 жылға) Қазақстанның басым 7 өңіріне қоныс аударған жағдайда ғана беріледі: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары.

Сұхбаттан өткеннен кейін сізге құжаттарды «Қандас» мәртебесін алу үшін тапсыруға рұқсат беріледі.

Қазақстанға көшіп келер алдында өзімен бірге тұрғылықты елінен келесі құжаттарды алып келу қажет.:

  • Жеке басын куәландыратын құжат (Шетелдік паспорт);
  • Соттылығының болмауы туралы анықтама;
  • Паспортында немесе туу туралы куәлігінде ұлты көрсетілмеген жағдайда, ұлтын растайтын анықтама;
  • Елден шығу парағы;
  • Төлем қабілеттілігін растайтын құжат (өтініш қаралу кезеңінде банктік шотта кемінде 1320 АЕК болуы және оны 5 жыл бойы жыл сайын растау);
  • Моңғолия, Қытай елдерінен құжаттарын апостильденген түрде әкелуі қажет.
ҚР тұрақты тіркеуге тұру ▼

ҚР тұрақты тұруын растайтын құжат – бұл тұру ықтиярхаты. Тұру ықтиярхатын алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алу қажет.


Тұрақты тұруға рұқсат (Ықтиярхат) алу тәртібінің қысқаша сүлбесі

1. ХҚКО-нан ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба) алу.

2. eGov порталында телефон нөмірін тіркеу.

3. app.testcenter.kz сайтында қазақ тілінен тест тапсыру (шекті көрсеткіш 70 % бен 100 % аралығында).

4. migration.enbek.kz порталында тіркелу, өтініш беру, сауалнамадан өту (кемінде 600 балл) және сұхбаттан өту.

Ықтиярхат (10 жылға, шетелдік паспорттың қолдану мерзіміне дейін) және «Қандас» мәртебесі (5 жылға) Қазақстанның басым 7 өңіріне қоныс аударған жағдайда ғана беріледі: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары.

Сұхбаттан өткеннен кейін сізге құжаттарды тұрақты тұруға рұқсат (Ықтиярхат) немесе «Қандас» мәртебесін алу үшін тапсыруға рұқсат беріледі.

Қазақстанда тұрақты тіркеуге тұруға рұқсат алу үшін Қазақстанға көшіп келер алдында өзімен бірге тұрғылықты елінен келесі құжаттарды алып келу қажет.:

  • Жеке басын куәландыратын құжат (Шетелдік паспорт);
  • Соттылығының болмауы туралы анықтама;
  • Паспортында немесе туу туралы куәлігінде ұлты көрсетілмеген жағдайда, ұлтын растайтын анықтама;
  • Елден шығу парағы;
  • Төлем қабілеттілігін растайтын құжат (өтініш қаралу кезеңінде банктік шотта кемінде 1320 АЕК болуы және оны 5 жыл бойы жыл сайын растау);
  • Моңғолия, Қытай елдерінен құжаттарын апостильденген түрде әкелуі қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш-сауалнама;
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы, жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
  3. Елден шығу парағы;
  4. Соттылығы жоқ туралы анықтама ;
  5. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
  6. Өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
  7. «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
  8. Көлемі 35х45 мм бір фотосуреті;
  9. Дактилоскопиялық;
  10. Мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат.


Ықтиярхат алу тәртібі ▼

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрығының негізінде Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында көшіп келушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтері migration.enbek.kz платформасында тестілеу, сауалнама жүргізу және талап ету жері бойынша әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асады.

Пилоттық жоба Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келушілерге, оның ішінде этникалық қазақтарға қатысты тестілеу, сауалнама жүргізу және әңгімелесу өткізудің бірыңғай тәртібін белгілейді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға және қандас мәртебесін алуға үміткер адамдарға қолданылатын, алдын ала айқындалған өлшемшарттар бойынша балдарды автоматты түрде беру негізінде жүзеге асырылатын бес кезеңнен тұратын цифрлық бағалауды қамтиды.

Соңғы өзгерістерге сәйкес, бұл нормалар, еңбек қызметін жүзеге асыру, бизнес-иммиграция, инвесторлық және туристік қызметті жүзеге асыру, білім алу, гуманитарлық және саяси себептермен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне, кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, бұрынғы қандастарға, отбасын біріктіру мақсатында келген алпыс жастан асқан адамдарға (ата-аналарға), сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бірі Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын неке қиылғанына кемінде бір жыл болған ерлі-зайыптыларды біріктіру мақсатында келген адамдарға қолданылмайды.

Бес кезеңнен тұратын цифрлық бағалаудың жалпы мерзімі өтініш берушінің сауалнамасы келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды.

Өңірлік квота ▼

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2026 жылы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2281 адамға белгіленді.

2026 жылы квота келесідей бөлінді:

  1. Абай облысы – 264;
  2. Ақмола облысы – 285;
  3. Қостанай облысы – 200;
  4. Павлодар облысы – 977;
  5. Солтүстік Қазақстан облысы – 200;
  6. Шығыс Қазақстан облысы - 200;
  7. Ұлытау облысы - 155.

Қандастардың тіркелген мекен-жайы: Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар, СҚО, ШҚО, Ұлытау облыстарының бірінде болса, өңірлік квотаға ене алады.

Дереккөз: «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 401 бұйрығы


Өңірлік квота аясында мемлекеттік жәрдемақы алу тәртібі ▼

Өңірлік квотаға енгізілген қандастардың көшу шығыстарын өтеу мақсатында бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде қаржылай көмек беріледі.

Сонымен қатар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үй алғанға дейін мынадай мөлшерлерде өтеледі:

1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

  • бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;
  • отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;
  • отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;

2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

  • бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;
  • отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
  • отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы Комиссияның шешімі шыққаннан кейін, олар Жұмыспен қамту орталығына төлемдерді алу үшін белгіленген нысандағы өтінішті толтырып, жүгінуі қажет.

2026 жылға бір АЕК - 4325 теңгені құрайды.

Дереккөз: Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Респ убликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығы

ҚР азаматтығын алу ▼