Жұмыспен қамту шаралары

Мамандығы бойынша жұмысының жоқтығы

Тұрақты тіркеуге тұрғаннан кейін қала, аудандағы Мансап ортылғына жүгініп жұмыспен қамтылады және басқа да мамандықтар бойынша қайтадан оқуға болады.


Мансап орталықтары.docx

Ықтиярхатпен жұмысқа орналасуға бола ма?

Ықтиярхатпен жұмысқа орналасуға болады (мемлекеттік қызметтен басқа). Қала, ауданның жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуға болады.

ҚР азаматтығын алмаса қалай жұмысқа орналасуға болады?

ҚР-ның азаматтығын алмаса жұмысқа орналасуға болады (мемлекеттік қызметтен басқа). Қала, ауданның жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуға болады.

Enbek.kz - электрондық еңбек биржасы туралы

Enbek.kz - электрондық еңбек биржасы жұмысқа орналастыру мүмкіндіктер және қызметшілер құрамын іріктеуді қамтамасыз етуге арналған бірыңғай сандық алаңы. Бүкіл Республика бойынша бос жұмыс орындар және ізденушілер туралы ақпарат күн сайын әр түрлі деректерден жаңартылады:

- өздігінен жұмыс берушілерге және ізденушілерге;

- мемлекеттік еңбек дерек қорынан бос жұмыс орындарды және іздеушілерді (халықты жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен Мемлекеттік деректер ықпалданған).

- жұмыспен қамту жеке агенттіктермен;

- бұқаралық ақпарат құралдарымен;

- жұмысқа орналастыру онлайн-алаңдармен;

Портал Е-Биржа мүмкіндік береді:

- бос орындар және түйіндемелердің деректерін онлайн арқылы алуға;

- Жеке кабинетті тіркеу және бос орынды немесе түйіндемені орналастыру;

- порталда талап ететін критериялармен (қызмет саласы, кәсібі, аймағы) жаңадан жарияланған бос жұмыс орын және түйіндемелер туралы ақпаратты өзінңіздің электрондық адрісіңізге немесе Telegram мессенджіріңізге тарату алып тұруға жазылуға болады.

- пікірлердің тәртіптерін және сұбхатасуға шақыруларды пайдалана отырып, жұмысқа алуға немесе жұмысқа қабылданған болу;

- жұмыс берушінің Жеке кабинетінде арнайы жұмыс орынға қаржыландыруға өтінім жайғастыруға;

- халықты жұмыспен қамту орталықтарына ағымды бос орындар туралы ақпараттарды онлайн режимде жіберуге;

- қызметкермен еңбек шартын жұмыс берушінің жеке кабинетінде тіркеу және еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпарат жіберу;

- Интернеттегі статистикалық есептілікті ұсыну;

- кәсіптік бағдарлау тест өту және тестің тиісті нәтижелеріне сәйкес порталда бос жұмыс орынды табу;

- «Виртуалды кеңесші» модулі арқылы 18 мемлекеттік қызмет бойынша консультациялық көмек алу;

Е-Биржада тіркеу, бос орындар және түйіндемелердің деректерін, бос орындарды жариялау, түйіндемелерді және басқадай ақпараттарды тегін және тәулік бойы көруге мүмкіндік бар.

Сіз сондай-ақ түйіндеме жіберу және eGov мобильді қосымшасындағы бос жұмыс орындарына жазылу үшін электрондық алмасу қызметін пайдалана аласыз.

Е- Биржамен жұмыс және қызметшілерді іздестіру – ол дереу, жәйлі және жайша!

Facebook, VK, ОК, Twitter, Instagram әлеуметтік желіде порталдың өзінің парақшалары бар. Порталдағы бос орындар туралы ақпарат және статистикалық деректер ресми беттерінде күнделікті жарияланып тұрады.

Enbek.kz - электрондық еңбек биржасының сайты: https://www.enbek.kz/kk