Білім бойынша сұрақтар

Білім гранты бойынша квоталар туралы ақпарат.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2026 (ҰБТ)
Өтініш беру Ұдттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

  • Тіркеу - 10 - 25 сәуір
  • Тестілеу - 10 мамыр - 10 шілде

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге (1 мүмкіндік).

Толық ақпарат Ұлттық Тестілеу Орталығының ресми сайтынан қарай аласыз: https://app.testcenter.kz

Стипендиялық бағдарлама

Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама.

Үміткерлер құжаттарын онлайн режимде 2026 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін Астана уақытымен 23:59-ға дейін мына сілтеме арқылы тапсыра алады: https://studyin.kz/admission

Гранттар саны:

  1. Бакалавриат – 490
  2. Магистратура – 50
  3. PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.

Толық оқу кезеңіне арналған стипендиялық бағдарламаларға қатысуға өтінім қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылады.

Дайындық бөлімі

Жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімі жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында онлайн форматта өтеді.
Әр университет жеке қабылдайды.

Оқу басталуы: 1 қазан

Ұзақтығы: 9 ай

Сабақтар күндізгі бөлімде өтеді