Ақмола облысы

Елді-мекенді таңдаңыз:

Көкшетау қаласы

Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болып табылады, 1824 жылы 29 сәуірде құрылған. Көкшетау қаласы Көкшетау төбесінің солтүстігіндегі Қопа көлінің жағасында орналасқан, оның тау бөктері қаланы оңтүстік пен шығыстан қоршап тұр. Қазақстан Республикасының астанасына дейінгі қашықтық - 309,9 км. Қаланың жалпы ауданы 42 518 га құрайды.

Әкімшілік бөлініс: қалалық әкімшілік аумағының құрамына Көкшетау қаласынан басқа бір кенттік әкімшілік (Станционный кенті) және құрамына екі ауылдық елді мекен (Красный Яр және Қызыл Жұлдыз ауылдары) кіретін Краснояр ауылдық округі кіреді.

Халық саны: 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 193 501 адамды құрады.

Білім: Қалада 26 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның 25-і орта, 1-і негізгі. 2024 жылдың 1 қаңтарына оқушылар контингенті 30 732 оқушыны құрады. Оның ішінде 1-сыныпта 3 083 бала, 11 - сынып оқушылары-1 151.

2024 жылғы 1 қаңтарға қалада 48 мектепке дейінгі балалар ұйымы (26 мемлекеттік балабақша, 5 шағын орталық-4 мемлекеттік және 1 жеке, 17 жеке меншік балабақша) жұмыс істейді. Сондай-ақ 5 қосымша білім беру мекемесі («Мейірім» балаларды түзету дамыту орталығы, «Әулие» мектептен тыс жұмыс орталығы, «Балалар музыка мектебі», «Балалар көркемсурет мектебі», техникалық шығармашылық орталығы) жұмыс істейді.

Қалада білім беру қызметтерін 4 жоғары және 13 орта арнаулы оқу орындары ұсынады.

Денсаулық сақтау: Халыққа медициналық көмекті - 9 аурухана («Көпбейінді облыстық аурухана», «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы», «Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы», «Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығы», «Көкшетау қалалық көпбейінді аурухана», «Көкшетау теміржол ауруханасы», «Оңалту-Авиценна» мекемесі, «Авиценна» емдік алдын алу мекемесі, «VIAMEDIS» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік); - 4 амбулаториялық-емханалық ұйым («Қалалық емхана», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы»(Красный Яр ауылы), «Панацея», «viamedis» клиникалық-оңалту орталығы); - 1 «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы».

Мәдениет пен спорт: Қаладада дене шынықтырумен айналысу үшін 328 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион («Оқжетпес» және «Жастар»),«Бурабай» атты 1 спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 атыс тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 153 жазықтық құрылыс, 16 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 кіріктірілген спорт залы. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, «Көкше» және «Достар» атты мәдениет үйлер жұмыс жасайды.