Негізгі сұрақтар

Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

  • 1) тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тіркеу осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
  • 2) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
  • 3) осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
  • 4) ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
  • 5) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
  • 6) жеке өмірбаяны қазақ немесе орыс тілінде;
  • 7) оның азаматтығы бар мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
  • 8) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
  • 9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
  • 10) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
  • 11) 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне өзінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін қоса ұсынады;
  • 12) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;

Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхатты ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының сәйкес тұру ықтиярхаты 10 жыл мерзімге, шетелдіктің азаматтығы бар елдің паспортының қолданылу мерзіміне беріледі.

ҚР тұру құқығының қолданылу мерзімін жаңа үлгідегі құжатты беру туралы өтінішті шетелдіктер мерзімі аяқталардан 1 ай бұрын тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына тапсыруы тиіс.

Жаңа тұру ықтиярхатын рәсімдеу кезінде шетелдік Қазақстанда тұрақты тұрушы мәртебесін жоғалтпайды.

ҚР-да тұруға ықтиярхатты “тұрақты тұру” санатындағы визаның негізінде ел аумағына келген шетел азаматтары ала алады.

Үкімет қаулысына сәйкес ҚР шетелдіктің тұру ықтиярхатын рәсімдеу үшін Көші-қон қызметі полициясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1)мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;

2)өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр бір фотосурет ;

3)жарамды ұлттық паспорт.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа деректер үлттық паспорттарға сәйкес жазылады.

Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтарға он алты жастан бастап беріледі, он алты жасқа толмаған балаларға тұруға ықтиярхат қажет емес.

Тұрақты тіркеуге және тұруға ықтиярхатқа ие бола отырып, қандас мәртебесі негізінде жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алуға болады.

Жеңілдетілген тәртіп бойынша ҚР азаматтығын алу үшін облыстардың ПД бастығының атына өтініш береді. ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

  • 1) бұрынғы мемлекетінің азаматтығынан бас тарту туралы өтініш (нотариуспен бекітілген);
  • 2) толық өмірбаян (еркін нысанда);
  • 3) сауалнама-өтініш;
  • 4) өлшемі 3,5 x 4,5 см төрт фотосурет;
  • 5) міндеттеме;
  • 6) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • 7) қандас куәлігі;
  • 8) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар - осы оқу орнында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама;
  • 9) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін ұлтын растайтын анықтама;

Жеңілдетілген тәртіп бойынша ҚР азаматтығын қабылдау (бас тарту) туралы шешім 3 ай мерзімінде шығады.

"Қандас" мәртебесін алу үшін этникалық қазақтар «Құтты мекен» мобильдік қосымшасы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы өтінішпен қосып келесі құжаттырды тапсырады:

  • • Еркін нысандағы өмірбаян;
  • • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары);
  • • жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар белгіленеді.

Қандас мәртебін беру жөніндегі өтінішті, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жанындағы арнайы құрылған комиссия қарастырады. Комиссия «қандас» мәртебесін беруден бас тарту немесе мынадай шарттарды ескере отырып «қандас» мәртебесін беру туралы ұсыным шығарады:

  • 1) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген өңірлерге қоныстандыру үшін;
  • 2) демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация аумақтарында және ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;
  • 3) тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін;
  • 4) тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін.

Қандас мәртебесінің мерзімі 1 жыл.

Қандас мәртебесін беруді қарастыру мерзімі – 35 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар «қандас» мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немес Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өздеріне бұдан бұрын берілген «қандас» мәртебесін ұзартуға өтініш береді.

Өтініш беру мерзімі өздеріне бұдан бұрын берілген «қандас» мәртебесі тоқтатылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.

Қандас мәртебесінің мерзімін ұзарту Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес 3 (үш) айдан аспауға тиіс.

Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері ҚР тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады және ҚР азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылданады.

«Қандас» мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:

  • 1) Қандастарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
  • 2) ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
  • 3) ҚР азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
  • 4) ҚР азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
  • 5) ҚР заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.

Қандас мәртебесін беруге және (немесе) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері ҚР аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі.

Қазіргі уақытта «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» мемлекеттік мекемелері Қарағанды, Шымкент қалаларында және Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсукент ауылында жұмыс істейді және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Өтініш иелерінің Орталықта тұруы қандас мәртебесі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады, бірақ орналасқан күнінен бастап алты айдан көп емес.

Орталыққа жолдама алу үшін, «қандас» мәртебесін алып, Жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну қажет. Жолдама алған кезде қандас және оның отбасы мүшелері Орталыққа күнтізбелік үш күн ішінде орналасады.

Орталықта уақытша негізде тұру үшін қандастар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері тегін орналастырылады. Орталықта қандастардың қоғамға тезірек бейімделуі мен ықпалдасуына бағытталған жағдайлар жасалады.

Орталықта тегін тұратын қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне мынадай қызметтер көрсетіледі:

  • 1) ақпараттық және анықтамалық қызметтер ұсыну;
  • 2) аударма бойынша қызмет көрсету;
  • 3) жұмысқа орналастыруда, кәсіптік даярлауда, қайта даярлауда және біліктілікті арттыруда көмек;
  • 4) Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі жөнінде, заңнама негіздері және шағын бизнес ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;
  • 5) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу;
  • 6) құқықтық қызмет көрсету, бекітілген нысан бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беруге, азаматтық, әлеуметтік жәрдемақылар алуға кеңестер, консультациялар беру және көмек көрсету;
  • 7) Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу;
  • 8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін;
  • 9) қазақ және орыс тілдерін оқыту;
  • 10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесу.

Орталыққа орналастыру және ол жерде қандастарды ұстау Қазақстан Республикасының медициналық қамсыздандыру, санитарлық саулық, сәулеттік реттеу, құрылыс саласы, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық салаларының талаптарына сай болуы тиіс.

Орталық қандастарды оқыту үшін қажетті әдістемелік құралдар мен материалдық-техникалық жабдықтармен қамсыздандырылады.

Қандастардың тіркелген мекен-жайы: Абай, Ақмола, Павлодар, СҚО, ШҚО, Қостанай, облыстарының бірінде болса, өңірлік квотаға ене алады.

Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген, қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді.

Өтінішке қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • 1) қандастың және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  • 2) ықтияр хат көшірмесі;
  • 3) өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне мүлік жоқ деген анықтамасы;
  • 4) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмесі;
  • 5) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.

Комиссия өтініш білдірушілердің тізімдерін алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көшіп келген отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды жабу үшін бір отбасына 12 ай ішінде ай сайын 15-30 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы Комиссияның шешімі шыққаннан кейін, қандас Жұмыспен қамту орталығына төлемдерді алу үшін жүгінуі қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 1) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу бағыты бойынша қатысушылар қатарына қосу туралы өтініш;
  • 2) көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау туралы өтініш;
  • 3) қандас мәртебесін растайтын құжат;
  • 4) тұруға ықтиярхат (көшірме);
  • 5) меншігінде жылжымайтын мүлігі (бар) жоқтығы туралы анықтама
  • 6) екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотының нөмірі (20 таңбалы сан);
  • 7) тұрғын үйді жалға алу шарты немесе алдын ала сатып алу шарты (көшірмесі);

2023 жылға бір АЕК - 3450 теңгені құрайды. Осылайша, 4 адамнан тұратын орташа отбасы бір уақытта 280 АЕК алуға құқылы, бұл 966 000 теңгені құрайды.