1. Халықаралық көші-қон ұйымының зерттеулері
Сандық (респонденттер сауалнамасы) және сапалық (сарапшылармен сұхбат) әдістер негізінде 2021 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың тамызы аралығында жиналған ақпараттарды қамтиды. Зерттеудің мақсаты – әртүрлі статистикалық деректер, сауалнама мен сұхбат нәтижелері арқылы Қазақстанмен шекаралас аймақтарда (РФ) орналасқан қазақ диаспорасының орнығу ерекшеліктерін анықтау.
Сауалнамаға қатысқан Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарында тұратын қазақтардың көпшілігінің Қазақстанда (шекара маңы аумағында) туыстары мен достары бар екені анықталды. Екі ел қазақтары арасындағы байланыс өте тығыз. 51 шекаралық өткізу пунктінің болуы екі ел арасындағы қатынасты жеңілдететін негізгі факторлардың бірі ретінде белгіленді.
© 2022 International Organisation for Migration (IOM)
* Баяндамада білдірілген пікірлер авторлардың жеке көзқарасы ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмысында көрсетілген ақпараттар мен тұжырымдар Халықаралық көші-қон ұйымының және ҚР СІМ «Отандастар қоры» КеАҚ ұстанымын білдірмейді. Аталған еңбекте баяндалған материалдар мен қолданылған белгілер қандай дa бір елдің, аумақтың, қаланың немесе оның әкімшілігінің, шекарасының немесе межелерінің құқықтық мәртебесіне қатысты Халықаралық көші-қон ұйымының, ҚР СІМ «Отандастар қоры» КеАҚ ұстанымын меңземейді.
Қазақ диаспорасын карталау үшін ономастикалық талдау жүргізу ![]()
2. Диаспорамен өзара іс-қимыл жасау үшін Қазақстандағы тиісті саясат пен институттарға қатысты талдау және ұсынымдар (гендерлік аспектіні қоса алғанда)
Аталған тақырыптағы талдамалық зерттеу Халықаралық көші-қон ұйымының Даму қорының (IOM IDF) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.
Бұл зерттеудің мақсаты – шетелдегі диаспораның елді дамытуға қатысу әлеуетін арттыруға әсер ететін саясаттар мен институттарды зерделеу, сондай-ақ диаспораның әлеуметтік-экономикалық дамуға көбірек үлес қосуына мүмкіндік жасау мақсатында қазақстандық мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілерге ұсынымдар әзірлеу. Кабинеттік зерттеу әдісі негізінде ғылыми әдебиеттерге, стратегиялық және нормативтік құжаттарға, осы салада жұмыс істейтін уәкілетті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың веб-сайттарына шолу жасалды. Зерттеуде диаспорамен өзара әрекеттесу моделінің стратегиялық тұжырымдамасын қалыптастыратын нақты қорытындылар мен ұсынымдар жинақталған.
© 2022 International Organisation for Migration (IOM)
* Баяндамада білдірілген пікірлер авторлардың жеке көзқарасы ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмысында көрсетілген ақпараттар мен тұжырымдар Халықаралық көші-қон ұйымының және ҚР СІМ «Отандастар қоры» КеАҚ ұстанымын білдірмейді. Аталған еңбекте баяндалған материалдар мен қолданылған белгілер қандай да бір елдің, аумақтың, қаланың немесе оның әкімшілігінің, шекарасының немесе межелерінің құқықтық мәртебесіне қатысты Халықаралық көші-қон ұйымының, ҚР СІМ «Отандастар қоры» КеАҚ ұстанымын меңземейді.
Қазақ диаспорасын карталау үшін ономастикалық талдау жүргізу ![]()
3. «Ресей Федерациясында диаспорамен жұмыс жасауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауы»
Тақырыптағы талдамалық зерттеу Халықаралық көші-қон ұйымының Даму қорының (IOM IDF) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.
Бұл еңбекте қазақстандық диаспораның Ресей Федерациясындағы үш тобы қарастырылады:
Мұндай топтарға бөлудің мақсаты – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына пайдалануға болатын Ресей Федерациясындағы қазақстандық диаспораның (этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қауымдастықтарының) әртүрлі әлеуетіне назар аудару. Бұл топтар Қазақстандағы туысқандарын/достарын материалдық тұрғыдан қолдауда әртүрлі деңгейімен ерекшеленеді. Олар әртүрлі қарқындылықпен Қазақстанға қысқа мерзімді сапарлармен келеді және келешекте де келуге ниетті.
Сонымен қатар зерттеуде әрекеттесудің ең тиімді тәжірибелерін таңдау, коммуникациялық стратегияны әзірлеу және Қазақстан Үкіметінің олармен тұрақты ынтымақтастық орнатуы барысында шешім қабылдайтын тұлғаларға РФ-дағы диаспораның үш тобының әртүрлілігін ескеру қажеттігі негізделеді. Бұл топтардың әлеуетін есепке алу орталық және жергілікті деңгейлерде диаспорамен жұмыс істеуге жауапты шенеуніктер үшін де өте пайдалы.
© 2022 International Organisation for Migration (IOM)
* Баяндамада білдірілген пікірлер авторлардың жеке көзқарасы ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмысында көрсетілген ақпараттар мен тұжырымдар Халықаралық көші-қон ұйымының және ҚР СІМ «Отандастар қоры» КеАҚ ұстанымын білдірмейді. Аталған еңбекте баяндалған материалдар мен қолданылған белгілер қандай da бір елдің, аумақтың, қаланың немесе оның әкімшілігінің, шекарасының немесе межелерінің құқықтық мәртебесіне қатысты Халықаралық көші-қон ұйымының, ҚР СІМ «Отандастар қоры» КеАҚ ұстанымын меңземейді.