«Отандастар Қоры» КЕАҚ Диаспора және аз ұлттар саясаты саласында маманданған халықаралық ұйымдармен және өзге мемлекеттердің диаспорамен жұмыс жөніндегі органдарымен қарым-қатынастарды орнатып келеді.
Бұл бағытта 2022 жылғы 23 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер мен бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасымен (YTB), 2022 жылғы 28 маусымда Халықаралық «Түріксой» ұйымы, 2023 жылғы 10 сәуірде Әзірбайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетімен, 2023 жылғы 2 ақпанда Өзбекстанның «Ватандошлар» қорымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Алдағы уақытта Өзбекстанның Ұлтаралық қатынастар комитетімен, Ресейдің «Россотрудничество» ұйымымен, Халықаралық көші-қон ұйымымен меморандумдарға қол қою жоспары бар.
2023 жылдың қыркүйек айында «Отандастар қоры» КеАҚ басшылығы елімізге ресми іссапармен келген Қытай Халық Республикасы Ұлттар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы ПАНЬ Юэмен кездесті. Тараптар кездесу барысында «Отандастар қоры» мен ҚХР Ұлттар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет арасында екіжақты байланыс орнатып, Қытай елінде мекендеп жатқан қандастарымыздың мәдени ұйымдарымен байланыстарды жолға қою, мәдени-гуманитарлық бағыттағы жобаларды бірлесе атқару, ұйымдар арасында тәжірибе алмасу жайын талқылады. ПАНЬ Юэ «Отандастар қоры» делегациясын Қытай Халық Республикасына ресми іссапармен келуге шақырды.
«Отандастар қоры» КеАҚ Түрікменстанның «Әлем түрікмендерінің гуманитарлық ассоциациясы» (ГАТМ) және Моңғолия, Мажарстан және Тәжікстан ұйымдарымен өзара түсінісітік туралы меморандумға қол қою жұмыстары пысықталуда.
«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ ұйымдастыруымен өткен "Кәсіп иесі- 2025" Халықаралық кәсіпкерлер форумы аясында «Отандастар Қоры» КеАҚ кеңсесінде Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қандас кәсіпкерлермен кездесулер өтті.
2025 жылы 9 маусымда Бішкекте «Отандастар қоры» мен «Қырғызстанның Халықтар ассамблеясы» арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2025 жылғы 16-19 маусымда Ташкент қаласында өтетін Диаспора жастары форумына «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері қатысты.
«Отандадастар қоры» КеАҚ өкілдері Astana International Forum аясында 1-on-1 session with Amy E. Pope, Director-General of International Organization for Migration (IOM) панельдік сессиясына қатысып, миграция саласында өзара тәжірибе алмасты.
Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігіне 3000 дана, Моңғолиядағы елшілігіне 5000 дана, Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығына 110 дана кітап жіберілді.
«Отандадастар қоры» КеАҚ өкілі Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Ташкентте 8-9 тамызда өткен халықаралық конференцияға қатысты.
11 қыркүйек күні Алматы қаласында «Отандастар қоры» КеАҚ мен Шетелдегі корейлер істері агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2-3 желтоқсанда, қор өкілдері Будапешт қаласында өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің Диаспора істеріне жауапты министрлерінің/ведомство басшыларының 7-ші кеңесіне қатысты.