Шетелдегі отандастарды ақпараттық қолдау қызметі өңірлердегі фронт-кеңселерден, бэк-кеңседен және колл-орталықтан тұрады.
Қызметтің негізгі мақсаты – қандастардың жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға тез әрі қиындықсыз бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ өтініш білдірген этникалық қазақтардың мәселелерін шешуге қолдау көрсету.
Ақпараттық қолдау қызметінің негізгі бағыттарының бірі – колл-орталықтың жұмысы. Колл-орталық азаматтардың өтініштері мен сұрауларын төменде көрсетілген байланыс арналары арқылы қабылдайды:
1404 – Қазақстанның барлық ұялы байланыс операторларынан қоңырау шалу тегін;
8 800 080 14 04 – Қазақстан аумағындағы қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін;
+7 7172 98 14 04 – Қазақстан аумағындағы қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін, ал шетелден қоңырау шалу тиісті байланыс операторының тарифтеріне сәйкес тарифтеледі;
+7 708 903 82 17 – WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы хабарлама жолдау үшін;
Электрондық пошта: komek@oq.gov.kz;
Facebook: OtandastarQory;
Instagram: @otandastar_qory.

.png)