«Ұлы дала» жобасы – Отандастар қоры мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан маңызды мәдени бастама. Оның басты мақсаты – шетелде тұратын қазақ қаламгерлерінің мұрасын жинақтап, ел ішінде таныту, тарихи-мәдени сабақтастықты нығайту және ұлттық әдебиеттің дамуына үлес қосу. Жоба аясында 2023 жылы – 10, 2024 жылы – 9, 2025 жылы - 9 кітап басылып шықты.
2023 жылы жарық көрген кітаптар тізімі:
1. «Сеңгір таулар» – дилогиялық роман. Автор Сұлтан Тәукейұлы (Моңғолияның халық жазушысы). Елі: Моңғолия.
Роман ел тарихы мен тұлғалар тағдырын көркем суреттейді.
2. «Маусымжан» – әңгімелер жинағы. Автор Шынай Рахметұлы (Моңғолияның халық жазушысы). Елі: Моңғолия.
Тақырыптық әр алуандығымен ерекшеленетін әңгімелер топтамасы.
3. «Жыр күмбезі» – өлеңдер жинағы. Автор Қызырбек Оралов. Құрастырған Жәди Шәкенұлы. Елі: Қытай.
Ақынның 1956–1964 жылдары жазған өлеңдері мен естеліктері.
4. «Қайтқан қаздың дауысы» – өлеңдер жинағы. Автор Көпбосын Сәскин. Елі: Қытай.
Классикалық дәстүрде жазылған таңдамалы өлеңдер.
5. «Антиөлшем» – әдеби-сын мақалалар. Автор Сұраған Рахметұлы. Елі: Моңғолия.
Қазіргі поэзияға арналған сыни ойлар мен талдаулар.
6. «Казахи Волгоградской области: история и современность» – тарихи танымдық еңбек. Автор Геннадий Ташпеков (тарих ғылымдарының кандидаты). Елі: Ресей.
Волгоград өңіріндегі қазақтардың тарихы мен мәдениеті.
7. «Еуропадағы қазақ диаспорасының тарихы және қазіргі жағдайы» – зерттеу. Автор Досан Баймолда (профессор). Елі: Моңғолия.
Еуропадағы қазақтардың қалыптасу тарихы мен бүгіні.
8. «Керуен-ғұмыр» – автобиографиялық еңбек. Автор Таухай Тайф. Елі: Моңғолия.
Баян-Өлгий қазақтарының тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы.
9. «Сары қаймақ сағыныш» – поэма, толғау, өлеңдер. Автор Байыт Қабанұлы. Елі: Моңғолия.
Сағыныш сарыны мен ұлттық болмысқа толы жырлар.
10. «Қытайдағы қазақ ақындарының айтысы» – айтыстар жинағы. Автор Бата Кәдірхан. Елі: Қазақстан.
Қытайдағы қазақ айтыскерлерінің таңдаулы туындылары.
2024 жылы халықаралық «Ұлы Дала» байқауы жалғасын тапты. "Отандастар қоры" және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып, үздік 9 шығарманы таңдап, баспаға ұсынды:
1. "Қобданың қоңыр желі" (өлеңдер, балладалар, толғаныстар) – Рысбек Зұрғанбайұлы (Моңғолия)Жинақта туған өлке табиғаты мен ұлттық болмысты жырлаған поэзиялық туындылар топтастырылған.
2. "Үркер ауып барады" (өлеңдер) – Зүлкәпіл Мәулітұлы (Моңғолия)Автордың өлеңдері табиғат пен адам сезімінің нәзік үйлесімін бейнелейд
3. "Тәжікстандағы қазақтар: тарихи танымдық еңбек" – Абдусаттор Нуралиев (Тәжікстан)Еңбекте Тәжікстандағы қазақтардың тарихы мен мәдениеті деректер негізінде баяндалған.
4. "Ақиқаттың дәмі ащы" (өлеңдер) – Жарасқан Мырзамұратұлы (Өзбекстан)Жырларда шындық пен азаматтық үн айқын көрініс тапқан.
5. "Кімді кінәларсың..." (повестер мен әңгімелер) – Ербақыт Нүсіпұлы (Моңғолия) Жинақта адам тағдыры мен психологиялық толғаныстар суреттеледі.
6. "Ұрпағың үзілмесін" (әңгімелер) – Мұхтасыров Пионер Солтанович (Ресей)Жинақта ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық дәстүрді сақтау мәселесі қамтылған.
7. "Қарасу жырлары" (өлеңдер) – Лала Жүнісқызы Жұманова (Өзбекстан)Өлеңдер туған жерге деген сағыныш пен махаббат сезімін жеткізеді.
8. "Өрікті көл" (повесть, әңгімелер) – Елеусіз Мұқамәдиұлы (Моңғолия)Кітапта ауыл өмірі мен адам тағдыры шынайы бейнеленген.
9. "Айтағалы салт атты" (шығармалар) – Баман Құрманханұлы (Моңғолия)Жинақта ұлттық дәстүрлер мен тарих сабақтастығы көркем суреттелген.
2025 жылы халықаралық «Ұлы Дала» байқауына 30 - дан астам еңбек келіп түсіп, Қазылар алқасы шешімімен 9 шығарма таңдалынып, баспаға ұсынды:
1. «Отынбай мен Шекпенқыз» (өлеңдер) – Сәли Садуақасұлы (Қытай)
2. «Қыпшақ хикаялары» (повестер мен әңгімелер) – Шаймұрат Қамзаұлы (Қытай)
3. «Бала шағым – болашағым» (өлеңдер) – Костер Тұмысханұлы (Моңғолия)
4. «Құрылыс – ұжымдық іс» (оқулық құралы) – Серікбол Съезханұлы (Моңғолия)
5.«Ару Алтай – Ана Алтай» (өлеңдер) – Тойлыбай Құрмандолдаұлы (Моңғолия)
6. «Мөлдір болсын жүректер» (өлеңдер) – Замира Мұсаева (Өзбекстан)
7.«Өзбекстандағы қазақ ақындарының өлеңдері» (өлеңдер жинағы) – Наурызбай Жарбосынұлы, Баршын Мырзабекқызы, Мейрамбек Әбдіқалиев (Өзбекстан)
8. «Абай және Орта Азия әдебиеті» (монографиялық еңбек) – Қалдыбек Сейданов (Өзбекстан)
9.«Очерки истории и культуры Оренбургского края» (ғылыми жинақ) – Айгуль Тажмуратова (Ресей)