2026 жылғы наурыз айынан бастап шетелде тұратын отандастарға арналған онлайн домбыра үйірмесі өз жұмысын бастады. Жоба шетелдегі қандастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Үйірмеге қатысуға шетелден 400-ге жуық адам өтініш берді. Жобаны тиімді ұйымдастыру мақсатында оқу бағдарламасы 3 модульге бөлінді.
1-модуль (наурыз – мамыр)
Қамтылған елдер саны: Әлемнің 27 елі (АҚШ, Канада, Норвегия, Финляндия, Швеция, Румыния, Литва, Черногория, Болгария, Швейцария, Словакия, Солтүстік Македония, Венгрия, Чехия, Польша, Германия, Австрия, Португалия, Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, Қытай, Малайзия, Индонезия, Сингапур, Жапония және Корея Республикасы).
Қатысушылар саны: Барлығы 142 адам.
Оқу процесі: Қатысушылар уақыт белдеулеріне сәйкес 6 топқа бөлініп оқытылды. Бекітілген жоспар бойынша жалпы 120 сағат сабақ өткізілді.
Нәтижесі: Сабақтарға белсенді әрі тұрақты қатысқан тыңдаушыларға домбыра үйірмесінің бірінші модулін сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
2-модуль (маусым – тамыз)
Қамтылған елдер: Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Моңғолия.
Қатысушылар саны: Екінші модуль бойынша 90 адам сабаққа қатысты.
Оқу процесі: Қатысушылар 6 топқа бөлініп оқытылды. Бекітілген жоспар бойынша жалпы 120 сағат сабақ өткізілді.
Нәтижесі: Сабақтарға белсенді әрі тұрақты қатысқан тыңдаушыларға домбыра үйірмесінің екінші модулін сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
3-модуль (қыркүйек – қараша)
Қамтылатын аймақтар: Таяу Шығыс елдері, Еуропа және АҚШ.
Қатысушылар саны: Үшінші модуль бойынша 95 адам білім алуда.
Оқу процесі: Қатысушылар 6 топқа бөлініп оқытылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес жалпы 120 сағаттың 80 сағаты өткізілді.
2026 жылдың соңына дейін кемінде 360 сағат сабақ өткізу жоспарланған.