Шетелдегі отандастарға арналған қазақ тілі онлайн-курстары



«Отандастар қоры» КеАҚ шетелде тұратын отандастарға арналған қазақ тілі онлайн-курстарын тұрақты түрде ұйымдастырады. Жоба қазақ тілін қашықтан үйренуге қолайлы жағдай жасауға, шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тіліне деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық тілдік ортаны сақтауға бағытталған.

Сабақтар қазақ-ағылшын, қазақ-орыс, қазақ-парсы және қазақ-түрік тілдік бағыттары бойынша өткізіледі. Оқу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейіне және тұратын елдерінің уақыт белдеулеріне сәйкес топтарға бөлінеді.

Курстарға қатысу тегін.

Жобаның негізгі мақсаты – шетелде тұратын отандастар арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ана тілінің мәртебесін арттыру және қазақ тілін үйренуге қолжетімді мүмкіндіктер ұсыну.

Жоба аясында қатысушыларды қажетті оқу әдебиеттерімен, оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, этникалық қазақтар шоғырланған өңірлерде тіл үйрету іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ қашықтан оқытуға арналған онлайн-сыныптар ашу жұмыстары жүзеге асырылады.

Жобаның негізгі сандық көрсеткіштері

  • 2020 жыл: 333 онлайн-сабақ өткізілді, 1 163 адам қамтылды.

  • 2021 жыл: 780 онлайн-сабақ өткізілді, 1 398 адам қамтылды.

  • 2022 жыл (І семестр): 530 онлайн-сабақ өткізілді, 800 адам қамтылды.

  • 2023 жыл (наурыз–қыркүйек): 380 онлайн-сабақ өткізілді, 1 200 адам қамтылды.

  • 2024 жыл: 603 онлайн-сабақ өткізілді, 1 000 адам қамтылды.

  • 2025 жыл: 300 онлайн-сабақ өткізілді, 500 адам қамтылды.

Шетелде онлайн-сыныптар ашу

2019–2022 жылдар аралығында «Отандастар қоры» КеАҚ бастамасымен әлемнің 12 мемлекетінде 31 онлайн-сынып ашылды.

Жобаны іске асыру аясында 24 қалада орналасқан қазақ қоғамдық ұйымдары мен мәдени орталықтар қазақ тілін қашықтан оқытуға қажетті техникалық құралдармен, атап айтқанда, теледидарлармен, ноутбуктермен, веб-камералармен және аудиоқұрылғылармен жабдықталды.

Бұл бастама шетелдегі қазақ қауымдастықтарына Қазақстандағы оқытушылармен тікелей байланыс орнатуға, онлайн-сабақтарға қатысуға және ана тілін жүйелі түрде меңгеруге мүмкіндік берді.

Ашылған онлайн-сыныптар тізімі:

  1. Ыстамбұл, Түркия – «Қазақ-түрік білім және зерттеу қоғамы»;

  2. Ыстамбұл, Түркия – «Қожа Ахмет Яссауи атындағы қор»;

  3. Париж, Франция – «Қорқыт» қазақ мәдени орталығы;

  4. Берлин, Германия – «Герман-Қазақстандық қоғамы»;

  5. Хьюстон, АҚШ – «Шаңырақ» қоғамдық ұйымы;

  6. Минск, Беларусь – М. Әуезов атындағы №143 орта мектеп;

  7. Горган, Иран – «Иран қазақтары» қоғамдық ұйымы;

  8. Омбы, Ресей – Қазақ тілін оқыту онлайн-сыныбы;

  9. Түмен облысы, Ресей (Ишим қаласы) – «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы»;

  10. Түмен облысы, Ресей – «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» (№12 мектеп);

  11. Қосағаш, Ресей – «Қосағаш ауданы қазақтарының жергілікті қоғамдық ұйымы»;

  12. Лондон, Ұлыбритания – UK Kazakh Association;

  13. Антверпен, Бельгия – «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі;

  14. Бішкек, Қырғызстан – «Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі;

  15. Санкт-Петербург, Ресей – «Ата-Мекен» өңіраралық қоғамдық бірлестігі;

  16. Орынбор, Ресей – «Бәйтерек» қайырымдылық қоры;

  17. Эрдэнэт, Моңғолия – «Эрдэнэттегі қазақ мәдени орталығы»;

  18. Орск, Ресей – «Шашу» қазақ ансамблі;

  19. Киев, Украина – «Достық» қазақ қоғамдық ұйымы;

  20. Новосібір, Ресей – «Отан» қазақ мәдени орталығы» Новосібір өңірлік қоғамдық ұйымы;

  21. Мәскеу, Ресей – «Қазақ диаспорасы» Мәскеу қоры» коммерциялық емес ұйымы;

  22. Омбы, Ресей – №100 мектеп;

  23. Орынбор, Ресей – «Бәйтерек» қайырымдылық қоры жанындағы екінші онлайн-сынып;

  24. Самара, Ресей – «Ақ жол» қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы» Самара өңірлік қоғамдық ұйымы;

  25. Қобда, Моңғолия – «Әди-Достық» қоғамдық бірлестігі;

  26. Омбы, Ресей – «Мөлдір» қазақ мәдениеті орталығы;

  27. Челябі, Ресей – «Азамат» қоғамдық ұйымы;

  28. Саратов, Ресей – «Достар» қоры;

  29. Астрахан, Ресей – «Қазақ мәдениетін дамыту қоры»;

  30. Астрахан, Ресей – Калинин орта мектебі;

  31. Самара, Ресей – «Ақ жол» қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы» Самара өңірлік қоғамдық ұйымы жанындағы екінші онлайн-сынып.

Қазақ тілі онлайн-курстары мен шетелде ашылған арнайы сыныптар отандастардың ана тілін үйренуіне, ұлттық бірегейлігін сақтауға және Қазақстанмен мәдени-білім беру байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.