«Қоржын» жобасы



 

«Қоржын» жобасы – шетелдегі қазақ мәдени орталықтары мен қоғамдық бірлестіктерін ұлттық киімдермен, музыкалық аспаптармен, дәстүрлі тұрмыстық және қолөнер бұйымдарымен қамтамасыз етуге бағытталған мәдени-гуманитарлық бастама.

Жоба шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің өтініштері негізінде жүзеге асырылып, ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеуге және шетелдегі отандастардың тарихи Отанымен мәдени байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.

Жобаның негізгі мақсаты – шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының ұлттық мәдениетке қатысты қажеттіліктерін қамтамасыз ету, олардың мәдени-ағартушылық қызметін қолдау және қазақ халқының дәстүрлі өнері мен мәдени құндылықтарын кеңінен танытуға жағдай жасау.

Жоба аясында қазақ мәдени орталықтары мен қоғамдық бірлестіктерінің ұлттық киімдерге, домбыра және басқа да музыкалық аспаптарға, дәстүрлі қолөнер бұйымдарына деген сұраныстарын қанағаттандыру, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдегі қазақ қауымдастықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Жобаның іске асырылу нәтижелері:

  • 2019 жылы әлемнің 21 еліндегі қазақ мәдени-іскерлік орталықтарына 87 «Дәстүрлі қоржын» жиынтығы табысталды. Жиынтық құрамына қазақтың ұлттық киімдері, домбыра, дәстүрлі құрақ көрпе және қазақ халқының тұрмысы мен қолөнерін танытатын басқа да бұйымдар енгізілді.

  • 2022 жылы әлемнің 17 еліндегі 43 қазақ мәдени орталығына Қазақстан Республикасының 38 Мемлекеттік Туы, 67 ұлттық киім жиынтығы және 94 домбыра табысталды.

  • 2023 жылы 10 елдегі (Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Испания, Түркия, Корея Республикасы, Латвия, Германия, АҚШ және Чехия) 26 қазақ ұйымына 100 Мемлекеттік Ту, 390 ұлттық киім бұйымы және 82 ұлттық музыкалық аспап табысталды.

  • 2024 жылы 11 елдегі (Қытай, Ресей, Мажарстан, Норвегия, Франция, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Литва, Малайзия және Ұлыбритания) 20 қазақ ұйымына 20 Мемлекеттік Ту, 151 ұлттық киім бұйымы және 70 домбыра табысталды.

  • 2025 жылы 10 елдегі (Чехия, Түркия, Ресей, Франция, Швеция, Корея Республикасы, Өзбекстан, Малайзия, Жапония және Мажарстан) 14 қазақ мәдени орталығына 37 домбыра, 1 толық киіз үй, 2 жартылай киіз үй және 2 ұлттық киім бұйымы табысталды.

  • 2026 жылы 8 елдегі (Бельгия, Канада, Чехия, Ресей, Франция, Швеция, Корея Республикасы және АҚШ) 13 қазақ ұйымына 6 домбыра, қымыз ішуге арналған ағаш ыдыстардың 5 жиынтығы, 5 ағаш астау, 10 ерлер шапаны және 10 әйелдер камзолы бөлінді.

«Қоржын» жобасы шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының қызметін қолдауға, ұлттық өнер мен дәстүрлерді насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдегі қазақ қауымдастықтары арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.