Abai Instituty / Шетелдегі қазақ ас үйлері / Qazaq Coffee Amsterdam

Qazaq Coffee Amsterdam

Qazaq Coffee Amsterdam

Амстердам: қазақы шай мен кофе мәдениетін ұштастырған Qazaq Coffee

Нидерланд астанасындағы Qazaq Coffee – қазақтар ашқан ең танымал орындардың бірі. Оның негізін қалаушы – алматылық Талғат Әубәкіров. Ол 2022 жылы Амстердамға қоныс аударып, бір жылдан кейін қазақы нақыштағы спешелти кофеханасын іске қосты.

Qazaq Coffee-де келушілер қазақша қою шайды ғана емес, кардамон, даршын, қалампыр мен зімбір қосылған ерекше шайларды да іше алады. Сонымен қатар қоюландырылған сүт салынған «жаңғақ» печеньесі, вафель түтікшелері мен арнайы әзірленген QC House Blend кофесі ұсынылады. Бұл жер бүгінде Амстердамдағы қазақ мәдениетін насихаттайтын шағын орталыққа айналған.

Дереккөз: el.kz