Abai Instituty / Шетелдегі қазақ ас үйлері / Jurta - Łódź, Poland

Jurta - Łódź, Poland

Jurta - Łódź, Poland

Польша: сағыныштан туған Jurta

Лодзь қаласындағы Jurta мейрамханасы – туған елдің дәмін сағынудан туған жоба. Оны 2018 жылы алматылық Андрей Водопьянов ашқан.

Фото: Instagram @jurta_restauracja

Мейрамхананың ішкі көрінісі қазақы нақышта безендірілген. Көптеген интерьер элементтері қолдан жасалып, кейбір материалдар Қазақстаннан арнайы жеткізілген. Асүйді Андрейдің әкесі басқарады. Ол кезінде қазақ офицерлеріне ұлттық тағам әзірлеген тәжірибелі аспаз болған.

Jurta мәзірінен қазы қосылған бесбармақ, сорпа, манты, бауырсақ және ұлттық тәттілерді табуға болады.

Дереккөз: el.kz