Одағай - адамның көңіл күйін, сезімін, эмоциясын, сондай-ақ үндеуін, бұйрығын немесе шақыруын білдіретін сөз табы. Одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді және сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалдар: ой, әттеген-ай, паһ-паһ, ура, әй, мә.