Abai Instituty / Киелі Қазақстан / Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі
1 / 3

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) - Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының кесенесі Қазақстан Республикасының Павлодар облысында, Баянауыл ауданында, Мәшһүр Жүсіптің туған жері болған Қызылтау өңіріне жақын маңда орналасқан. Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ әрі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті тұлғасы. Ол араб және парсы тілдерін жетік меңгерген ғана емес, бірнеше тілді еркін қолдана білген энциклопедиялық білім иесі ретінде танылды.

Жеті жасынан бастап Мәшһүр-Жүсіп халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға кіріскен. Ал он бес жасынан бастап ақындық жолға түсті. Мұса Шорманұлы ауылына келгенде жас баланың қабілетіне ерекше тәнті болған. Сол кезде ол баланың әкесіне: «Бұл балаға үкілі бас киім кигізіп жүріңіз, көз тиюден сақ болсын. Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала» деген екен. Осыдан кейін оның есіміне «Мәшһүр» атауы қосылып, елге солай танылды. Халық арасында оның көріпкелдік, әулиелік қасиеті бар деген сенім де кең тараған.

Кесене ішінде канондық ислам стилінде орналасқан екі бөлме - гурхана және зиратхана бар. Бұл бөлмелерге кіретін есіктерге Құран аяттары жазылған. Тіпті алтынмен қапталған кіреберіс есіктің өзі де нағыз өнер туындысы саналады. Оның авторы - әйгілі қазақстандық зергер, «Алтын адамды» қайта қалпына келтірген Қырым Алтынбеков.

Кесененің қос күмбезі де алтынмен апталған және оларда Алланың 99 көркем есімі (Асмаул хусна) бейнеленген. Бұл архитектуралық және рухани үйлесім кесенені тек тарихи ескерткіш емес, сонымен қатар қасиетті рухани нысан деңгейіне көтереді.

 

Дереккөз: ruh.kz