Етістіктің түрлері. Болымды және болымсыз етістік - іс-әрекеттің бар немесе жоқ екенін білдіретін етістік түрлері. Болымды етістік іс-әрекеттің орындалуын, бар екенін көрсетеді (келді, жазды, оқыды). Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, жоқ екенін білдіреді және көбіне «-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе» жұрнақтары арқылы жасалады (келмеді, жазбады, оқымады).