Етістік - заттың іс-әрекетін, қимылын немесе күйін білдіретін сөз табы, ол не істеді? не істеп жатыр? не істемек? деген сұрақтарға жауап береді. Етістік сөйлемде көбіне баяндауыш қызметін атқарып, іс-әрекеттің уақытын (шақтарын), түрін, сондай-ақ болымды және болымсыз формаларын білдіреді.