ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР

Үкіметаралық гранттар бойынша оператор ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

  • Жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін шарт:
  • Білімі туралы құжаттың орташа балы:
  • – бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін – аттестаттың немесе негізгі орта білім туралы куәліктің және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табельдің/транскрипттің немесе арнаулы орта білім туралы дипломның орташа балының 5,0-ден кемінде 4,0 балға сәйкестігі;
  • – магистратура, резидентура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу үшін – бакалавр/маман/магистр дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскриптің орташа балының 4,0/4,33-тен кемінде 3.0 баллға сәйкес келуі. Егер қабылдаушы тарап білім туралы неғұрлым төмен орташа балл белгілеген жағдайда, бұл шарт ескерілмейді.

Қабылдаушы тарап білім туралы орташа балды төмен белгілеген жағдайда бұл шарт ескрілмейді.

  • КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ
  • – 1 кезең. Үміткердің мамандықты, ЖОО-ны және оқу елін таңдаудың саналы және дәлелді деңгейін, шетелде оқу үшін дайындық деңгейін анықтау үшін мамандық бағыты бойынша тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке/онлайн әңгімелесуден өтуі. Тәуелсіз сараптама комиссиясы халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлеріне сәйкес үміткерлердің жеке әңгімелесу парағына баға қояды. Тәуелсіз сараптама комиссиясы өткізетін жеке әңгімелесу барысында аудио-және бейнежазба жүргізіледі. Тәуелсіз сараптама комиссиясы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерлермен жеке/онлайн әңгімелесу өткізеді.
  • – 2 кезең. Үміткерлерді іріктеуді жөніндегі қорытынды комиссияның мүшелері шетелде оқу үшін ұсынылатын және Келісім шеңберінде үміткерлердің резервтік тізіміне енгізілетін қатысушыларды жүзеге асырады. Үміткерлердің баллдарын есептеу, сондай-ақ әңгімелесу нәтижелері бойынша үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссия Қағидаларға сәйкес халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің негізгі және резервтік тізімдерін бекітеді. Резервтік тізімдегі үміткерлердің саны бөлінген орындар санының 40 (қырық) пайызынан аспауы тиіс. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссия қабылдаушы тараптың ұсынылатын гранттарының саны шеңберінде кадрлар даярлау бағыттары бойынша орындар санын айқындайды.
  •  
  • ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
  • Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:
  • 1) Қағидаларға сәйкес балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
  • 2) Қағидаларға сәйкес балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
  • 3) Тәуелсіз сараптама комиссияның бағалауы.
  • Халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен (келесі реттілікпен), басымдыққа ие болады:
  • 1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • 2) медициналық қорытындыға сәйкес № 072/у нысаны бойынша Медициналық анықтама ұсынған (шетелге шығатындар үшін) тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға қарсы Көрсетілімі жоқ бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
  • 3) көп балалы отбасылардан шыққанн балалар;
  • 4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;
  • 5) шетелдік ЖЖОКБҰ-дан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алушылар.
  •  
  • ГРАНТ БЕРЕТІН ЕЛДЕР:

Венгрия. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адами ресурстар министрлігі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде жыл сайын "Stipendium Hungaricum" бағдарламасы аясында 250 грант бөлінеді (бакалавриат – 110 орын, бакалавриат+магистратура – 30 орын, магистратура – 90 орын, докторантура – 20 орын). Оқыту тілі – венгр, ағылшын, француз тілдері. Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: желтоқсан-қаңтар. 2021 жылы үміткерлердің 1 102 жеке ісі қабылданды және өңделді: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 689, бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша – 95, магистратура бағдарламасы бойынша – 292, докторантура бағдарламасы бойынша – 26. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 250 үміткер негізгі тізімге, 98 үміткер резервтік тізімге енді.

Қытай Халық Республикасы. Қытай Үкіметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша келісім шеңберінде жыл сайын Қазақстан азаматтары үшін 150-ге дейін білім грантын бөледі. Оқыту тілі-қытай, ағылшын. Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: қаңтар-ақпан. 2021 жылы 50 үміткердің жеке істері қабылданып, өңделді: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 25 адам, магистратура бағдарламасы бойынша – 18 адам және докторантура бағдарламасы бойынша – 7 адам. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 47 үміткер Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды. 3 үміткер конкурсқа одан әрі қатысудан бас тартты.

Украина. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украина Білім және ғылым министрлігі арасындағы Келісім шеңберінде қазақстандық азаматтар үшін жыл сайын 40 грант бөлінеді: 30 бакалавриат бағдарламасы бойынша және 10 магистратура бағдарламасы бойынша. Оқыту тілі-украин тілі. Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: ақпан-наурыз. 2021 жылы 11 үміткердің жеке істері қабылданып, өңделді, оның ішінде: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 6, магистратура бағдарламасы бойынша – 5. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 10 үміткер Украинаның жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды, 1 үміткер конкурсқа одан әрі қатысудан бас тартты.

Словакия Республикасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Словакия Республикасы Білім министрлігі арасындағы меморандум шеңберінде қазақстандық азаматтар үшін 4 грант бөлінеді: 2 магистратура бағдарламасы бойынша және 2 докторантура бағдарламасы бойынша. Оқыту тілі-ағылшын, словак. Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: ақпан-наурыз. 2021 жылы үміткерлердің 5 жеке ісі қабылданды және өңделді: магистратура бағдарламасы бойынша – 4 адам, докторантура бағдарламасы бойынша – 1 адам. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 3 үміткер Словакия Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды.

Әзірбайжан Республикасы. 2017 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Әзірбайжан Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын мынадай бағдарламалар бойынша 10 білім грантын бөледі: бакалавриат – 5, магистратура – 5 грант. Оқыту тілі-ағылшын, орыс, әзірбайжан. Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: наурыз-сәуір. 2021 жылы үміткерлердің 12 жеке ісі қабылданды және өңделді: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 8 адам, магистратура бағдарламасы бойынша – 4 адам. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 8 үміткер Әзірбайжан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды.

Польша. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде қазақстандық азаматтар үшін жыл сайын 11 грант бөлінеді: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 3, магистратура бағдарламасы бойынша – 4 және докторантура бағдарламасы бойынша - 4. Оқыту тілі-ағылшын, поляк. Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: наурыз-сәуір. 2021 жылы 31 жеке іс қабылданып, өңделді: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 9 адам, магистратура бағдарламасы бойынша – 13 адам және докторантура бағдарламасы бойынша – 9 адам. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 11 үміткер Польша Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды.

Тәжікстан Республикасы. 2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында 2020-2021 оқу жылына мынадай бағдарламалар бойынша оқуға гранттар берілді: бакалавриат бағдарламасы бойынша-40 орын; — магистратура бағдарламасы бойынша-10 орын. Оқыту тілі-орыс тілі. Университеттер мен мамандықтардың тізімін мына жерден көре аласыз. Грант мынадай шығыстарды жабуды көздейді: тегін оқыту; ай сайынғы стипендия (130-150 сомони); жатақханада тұру. Қалған шығыстарды, оның ішінде көліктік шығыстарды грант иегері өз бетінше жабады.

Қырғыз Республикасы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Қазақстан азаматтарына мынадай бағдарламалар бойынша 5 білім гранты беріледі: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 3 орын; магистратура бағдарламасы бойынша – 2 орын. Оқыту тілі-орыс және қырғыз тілдері. Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: сәуір-мамыр.

Вьетнам. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде қазақстандық азаматтарға бакалавриат бағдарламасы бойынша 3 грант бөлінді. Оқу тілі-вьетнам. Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: сәуір-мамыр. 2021 жылы бакалавриат бағдарламасы бойынша 2 жеке іс қабылданып, өңделді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 1 үміткер Вьетнам Социалистік Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылды.