Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота (4 %, бакалавриат)

  • 67-бап. Шетелдік қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру.

  • 1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдерінің Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.

  • 2. Мемлекет шетелдік қазақ диаспорасының білім алуға қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.

  • 3. Шетелдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  •  

  • 4-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру

  • 22-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

  • 8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:

  • 1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан адамдар үшін;

  • 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;

  • 3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан адамдар үшін;

  • 4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

  • 5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшін квота көзделеді.

  •  

  • «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 Қаулысына сәйкес

  • – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыздық квота бекітілді.

  •  

  • 2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота (4 %) шеңберінде бөлінген гранттар саны:

  • – 6B01 Педагогикалық ғылымдар – 502;

  • – 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 65;

  • – 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 35;

  • – 6B04 Бизнес, басқару және құқық – 49;

  • – 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 296; 

  • – 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 404;

  • – 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 760; 

  • – 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 91; 

  • – 6B09 Ветеринария – 38; 

  • – 6B11 Қызмет көрсету – 89; 

  • – 6В10 Денсаулық сақтау – 108; 

  • Бөлінген гранттардың жалпы саны – 2437