Техникалық және кәсіптік білім (колледж)

«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 546 Қаулысы

  • 3-тарау. Білім беру мазмұны
  • 13-бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
  • 1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтердің негізгі бағыттары бойынша техникалық және еңбек қызметін көрсететін білікті мамандарын даярлауға бағытталған.
  • 2. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бағдарлама мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қатысты: 
  • 1) техникалық және еңбек қызметін көрсететін жаппай кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары болып бөлінеді.
  • Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:
  • – жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді табысты игеру, кәсіптік дағдыларды иелену жөнінде өндірістік оқудан өту үшін бейімдеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді;
  • – оқыту аяқталғаннан кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің (разряд, сынып, санат) қол жеткізілген деңгейін беруді көздейді.
  • 2) жоғары технологиялармен және кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларында техникалық және еңбек қызметін көрсететін жұмыстарды орындаудың неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптерін, мамандықтары мен практикалық дағдыларын игеруді көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын беруді көздейді.
  • Білім беретін оқу бағдарламалары:
  • – жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды иемдену және бекіту жөнінде өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
  • – оқу аяқталғаннан кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін беруді көздейді.
  • 3) техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беру оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды көздейді.
  • Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:
  • – техникалық университеттердің 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен интеграцияланған жалпы гуманитарлық, экономикалық, техникалық, арнайы және инженерлік білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді. Негізгі орта білім беру базасындағы оқытудың жалпы ұзақтығы кемінде 4 жыл.
  • – Екі жылдық оқыту аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (3-разрядтан, кластан, санаттан төмен емес) беріледі.
  • – Үш жылдық оқытуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейі беріледі.
  • – Оқытудың толық курсын аяқтағаннан (кемінде 4 жыл) және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға техникалық және жоғары басқыштағы еңбек қызметін көрсететін маман – техникалық мамандықтар бойынша кіші инженер біліктілігі беріледі.
  • 3. Техникалық және кәсіптік білім берудің мәдениет және өнер мамандықтары бойынша кәсіптік оқу бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандануын және даярлау ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының күрделілігіне және берілетін біліктілік деңгейіне қатысты және тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.
  • 4. Жалпы орта білімі бар адамдар үшін техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары жалпы кәсіптік, экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметін айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.
  • 5. Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан тұрады.
  •  
  • 4-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру 
  • 28-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
  • 1.   Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және/немесе жалпы орта білім беру базасындағы кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде жүзеге асырылады.
  • Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардағы оқу процесі оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен орындалатын теориялық сабақтарды және өндірістік оқытуды қамтиды.
  • 2. Кәсіптік оқыту білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына белгіленген тәртіпте берілген лицензиясы бар болған кезде тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарында, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың оқу-өндірістік құрылымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
  •  
  • Қазақстанда 770 ТжКБ оқу орны бар, оның ішінде:
  • – 444 мемлекеттік
  • – 326 жекеменшік 
  • Барлығы 488,9 мың адам оқиды, оның ішінде:
  • – мемлекеттік – 272,2 мың;
  • – жекеменшік – 216,7 мың.
  • – Мемлекеттік тапсырыс бойынша 289,4 мың студент оқиды.
  • – Ақылы негізде 199,5 мың адам білім алады. 
  •  
  • Қазақстандағы барлық колледжер туралы ақпаратты көру үшін сілтеме арқылы өтіңіз.