Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, бес жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

2022 ж. Ұлттық палата жоғары оқу орындарын 19 критерий бойынша бағалады. Олардың ішінде негізгілері: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа еңбекақы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылардың білім сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және т.б.

Жұмыс нәтижесінде 119 білім беру бағдарламасы (мамандықтар) қамтылды, 200-ден астам салалық сарапшы тартылды, 2040 білім беру бағдарламасы бағаланды, 81 393 түлектің деректері талданды, нәтижесінде 97 оқу орны бойынша 2 мыңнан астам сараптамалық қорытынды жасалды.

Өткен жылдармен салыстырғанда 2022 жылы жұмысқа орналасудың орташа пайызы 1,8%-ға өсіп, 79,5% -ды құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 71%-ға, ал 2021 жылы – 77,7%-ға тең болды.

Батыс Қазақстан облысының түлектері жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша 86%-ды көрсетті, екінші орында Алматы облысының түлектері – 85%, үшінші орында Атырау облысы – 84% көрсетті. Жұмыспен қамтудың ең төменгі деңгейі Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша анықталды, онда бұл көрсеткіш 73%-ды құрайды.

Түлектердің орташа еңбекақысын неғұрлым объективті бағалау үшін биыл түлектердің «медиандық жалақысын» есепке алу туралы шешім қабылданды. Орташа еңбекақы жұмысшылардың негізгі саны алатын қаражат мөлшерін көрсетеді. Ең жоғары еңбекақыны Алматы облысының түлектері алады, облыс бойынша жұмыстың бірінші жылындағы көрсеткіш 196 769 теңге деңгейінде, Шымкент түлектерінің ең төменгі еңбекақысы - 124 895 теңгені құрады.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша түлектердің ең жоғары орташа жалақысы – 221 841 теңге, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бағдарламасы бойынша ең төменгі жалақы – 126 029 теңге. Барлық түлектің орташа еңбекақысы жалпы рейтинг бойынша – 155 621 теңге.

Тағы бір маңызды критерий – түлектердің жұмысқа орналасу уақыты. 2022 жылы оқу аяқтаған соң жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы 97 күнді құрады:

  • – түлектердің 1%-ы оқу аяқтағаннан кейінгі бірінші айда жұмыс табады;
  • – түлектердің 39%-ы аяқтағаннан кейінгі алғашқы 3 айда жұмыс табады;
  • – 58%-ы аяқтағаннан кейін 3 айдан 6 айға дейін жұмыс іздейді;
  • – 2%-ы 6 айдан астам жұмыс іздейді.
  •  
  • Қосымша ақпаратты мынадай сілтемелерді басып алуға болады:
  • Сайт: https://atameken.kz/ru/university_ratings
  • Instagram : @atameken_ratings