ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық (ұтқырлық) шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) (ел ішінде немесе шетелде) меңгерілген білім беретін оқу бағдарламаларын міндетті түрде өзінің ЖЖОКБҰ-да кредиттер түрінде қайта тапсыра отырып немесе басқа ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастыру үшін ауыстыру
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕТЕЛГЕ ОҚУҒА ЖІБЕРУ ТӘРТІБІ
ЖЖОКБҰ-ның жауапты бөлімшесі ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның қарауына үміткерлердің іріктеу өлшемшарттарына сәйкес үміткерлер тізімін жасайды. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия үміткерлер ұсынған құжаттарды қарастырады және ашық дауыс беру арқылы академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алушылардың негізгі және резервтік тізімін дайындайды.
Егер үміткер академиялық ұтқырлық аясында оқуға барудан бас тартса, оны ауыстыру резервтік тізімнің кезектігіне сәйкес жүзеге асырылады. Бас тарту туралы өтініш еркін нысанда жазылады.
Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы еркін нысанда хаттама түрінде рәсімделеді. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырысының барысында ЖЖОКБҰ-ның ресми интернет-ресурстарында не әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция режимінде аудио-, бейнежазба жүргізіледі. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары, аудио және бейнежазбасы конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл ЖЖОКБҰ мұрағатында сақталады.
ЖЖОКБҰ Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия ұсынған тізімдерге сәйкес академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық шығарады.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық бекітілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ сайтына орналастырылады. Академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберілетін конкурстан өткен үміткерлерді жіберу мерзімі білім алатын елінде академиялық кезеңнің басталуына сәйкес әр жағдайда бөлек анықталады.
ЖЖОКБҰ-лар іріктелген үміткерлерге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді, шетел ЖЖОКБҰ-ларынан ресми шақыру алуға ықпал етеді, шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық шығарады, оларды жіберуді жүзеге асырады, шетелде тұру және оқу үлгеріміне мониторинг жасайды, алынған оқу кредиттеріне талдау жүргізеді және оларды студенттің оқу жоспарында тіркейді, сондай-ақ оқу бағдарламаларына сәйкестігі үшін жауап береді.
«АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕТЕЛДЕ ОҚУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
«Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ЖЖОКБҰ-лар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызметте көзделген құжаттарды қоса бере отырып, білім алушының өтініш береді.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіз болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудың жалпы немесе академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.