Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы қызметі аймақтардағы фронт-кеңселерден, бэк-кеңседен және колл-орталығынан құралады.
Оның жұмысының басты мақсаты – қандастардың жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға тез және ауыртпалықсыз бейімделуіне ықпал етеді, өтініш білдірген этникалық қазақтардың мәселелерін шешуге қолдау көрсетеді.
Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын колл-орталығы өз жұмысын келесі бекітілген нөмерлерге, эл.поштаға түскен қоңыраулар мен хабарламалар арқылы қабылдайды:
1404 (барлық қазақстандық оператордың қоңырауы тегін қабылданады);
8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады);
+7 7172 98 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады, шет елдерден сол елдің байланыс операторының төлем мөлшерлемесі бойынша);
+7 701 000 14 04 (WhatsApp және Telegram хабарламалары үшін);
E-mail: komek@oq.gov.kz
facebook.com: OtandastarQory, instagram: otandastar_qory.