«Қандас»онлайн түрде https://migration.enbek.kz сайтынан, «Enbek Migration» мобильдік қосымшасы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы өтінішпен қосып келесі құжаттырды тапсырады:– еркін нысандағы өмірбаян;
– өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары);
– жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар белгіленеді.
Қандас мәртебін беру жөніндегі өтінішті, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жанындағы арнайы құрылған комиссия қарастырады. Комиссия «қандас» мәртебесін беруден бас тарту немесе мынадай шарттарды ескере отырып «қандас» мәртебесін беру туралы ұсыным шығарады:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген өңірлерге қоныстандыру үшін;
2) демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация аумақтарында және ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;
3) тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін;
4) тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін.
5) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар оқу орнынан анықтаманы қоса бере отырып.
Қандас мәртебесінің мерзімі - 1 жыл.
Қандас мәртебесін беруді қарастыру мерзімі – 35 жұмыс күні.
Видео-нұсқаулық: Құтты мекен қосымшасы арқылы қандас мәртебесіне өтініш беру тәртібі
ҚР ТҰРАҚТЫ ТІРКЕУГЕ ТҰРУ
Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген, «Қандас» мәртебесін алған этникалық қазақтар онлайнтүрде https://migration.enbek.kz сайты, «Enbek Migration» мобильдік қосымшасы арқылы немесе Мансап орталығына (Жұмыспен қамту орталығы), тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді.
Өтінішке қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен мынадай құжаттар қоса беріледі:
қандастың және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмесі;
білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.
Жергiлiктi атқарушы орган, өңірлік квотаға енгізу туралы өтініш білдіруші қандастардың тізімін қалыптастырады және өтініштерді алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жолдайды.
Комиссия өтініш білдірушілердің тізімдерін алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Жергiлiктi атқарушы орган күнтізбелік 5 күн ішінде өтініш берушіге қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгені туралы шешімді жолдайды.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:
көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275 240 теңге) бойынша біржолғы төлем;
12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке (58 980 тг – 117 960 тг.) дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
Сондай-ақ, қоныс аударушылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында елімізде Экономикалық мобильділік сертификаты беріледі.Экономикалық мобильділік сертификаты отбасына тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1 160 АЕК-тен (4 561 120 теңге) асырмай беріледі.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы Комиссияның шешімі шыққаннан кейін, қандас Мансап орталығына (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына) немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ) төлемдерді алу үшін жүгінуі қажет.
2025 жылы бір АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 3932 теңгені құрайды. Осылайша, 4 адамнан тұратын орташа отбасы біржолғы 280 АЕК алуға құқылы, бұл 1 100 960 теңгені құрайды.