Дүниежүзілік Қазақтар Қауымдастығы жұмысын жандандыру

«Отандастар» Қорының ДҚҚ-мен серіктестігі шетелде тұратын этникалық қазақтар мен отандастарды ақпараттық-консультативтік және іс жүзінде қолдауды жақсартумен байланысты көптеген мәселелерді жүзеге асырады. Өзара жұмыс қазақ диаспорасының әлем бойынша біртұтас құрылымдық желісін ұйымдастыруға, филиалдар желісін кеңейту арқылы отандастарды қолдау бағдарламасының қолжетімділігін арттыру, сонымен қатар ассоциация мүшелерін көбейту және этникалық қазақтардың электрондық базасын қалыптастыруға бағытталған.

Ресми сайт - http://qazaq-alemi.kz/