Диспоралды саясат

Қор қызметінің басты бағыттарының бірі - диаспоралды мәселелерді зерттеу және соған сәйкесінше талдамалы зерттеу жүргізу. Аталған шара диаспоралды саясатты жақсарту бойынша жаңа ұсыныстарды жасақтау және осы мәселе бойынша әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану үшін қажет. Жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі және қазақтар көп шоғырланған елдерді қамтып, зерттеу жұмысының аса озық үлгісін көрсетеді.

Диаспоралдық мәселелерді зерттеу:

(Ресей, ҚХР, Моңғолия, АҚШ, Өзбекстан, Франция тәрізді 6 ел қамтылған)

Атап айтқанда:

  • Диаспоралды мәселелерге зерттеу жүргізіледі;
  • Қазақ диаспорасының мәселелері зерттеледі;
  • Мақсатты сараптамалық зерттеулер жүргізіледі және фокус топтарға барып сауалнама алынады;
  • Талданған материалдардың қорытындысы жарыққа шығарылады;
  • Мемлекеттік диаспоралды саясатты алыптастыру бойынша ұсыныстар дайындалады.

Диаспоралармен жұмыс бойынша тәжірибелерді зерттеу:

Ресей, ҚХР, Түркия, Израиль, Германия, Армения, Оңтүстік Корея тәрізді 6 ел қамтылған)

Атап айтқанда:

  • Диаспоралармен жұмыс бойынша халықаралық тәжірибе зерттеледі;
  • Халықаралық әріптестермен келісімге (меморандумдарға) қол қойылады;
  • Отандастарды қолдау тәжірибесі зерттеледі;
  • Тарихи отанға оралуға жәрдемесу тәжірибесі зерттеледі;
  • Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалады.

Нәтижесінде:

  • Этникалық қазақтарды тұрып жатқан елінен ҚР-на көшіру тетігіне;
  • Көшіп келген отандастарды бейімдеуге және қолдауға;
  • Шетелдегі этникалық қазақтарға тұратын елінде қолдау көрсетуге;
  • Диаспоралды саясат және заң мемлекеттік бағдарламасы жобасына (қазақ картасы) ұсыныстар дайындалады

Кері байланыс

Записаться