Білім саласындағы ғаламдық бәсекелестікке бейімделген мамандарды дайындау

Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында адами капиталдың ғаламдық бәсекелестікті арттырудағы рөлі туралы бірнеше рет айтты. Қор осынау айдан анық аксиоманы қолдау мақсатында алдына заманауи жаңа өзгерістерге дайын мамандарды дайындау міндетін қояды. Бұл жерде жаңа білімге және қазақ тілін оны кеңінен тарату құралы ретінде пайдалануға ұмтылған адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақ тілін қолдау

Қор шетелде қазақ тілін оқыту бойынша білім беру инфроқұрылымын құруды көздейді. Атап айтқанда ол:

  • Интерактивті сыныптар мен қашықтықтан оқытуды құру;
  • Қазақ тілін үйрену бойынша мобилді қосымшалар жасау;
  • Шетелдегі мәдени орталықтармен әріптестік орнату арқылы іске асырылады

Ал контенттің өзі:

  • Мемлекеттік тілді дамытудың президенттік қоры;
  • Назарбаев Зияткерлік Мектептері, Білім инновация лицейлері және басқалардың қатысуымен

және:

  • Қазақ тілін оқытушылар үшін интернет алаң құру;
  • Этникалық қазақтарға қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құрал дайындау;
  • Гуманитарлық бағытта оқыту материалдарын қалыптастыру;
  • Диаспоралар арасынан қазақ тілінің оқытушыларын даярлауға арналған дайындық курстарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Кері байланыс

Записаться