Бизнес пен инновацияны дамыту

«Атамекен» Қазақстандық іскерлік үйі» іскерлік орталықтары

Қазақстандық өнімдерді экспортқа шығару, ҚР-ға инвестиция тарту, дарынды отандастар мен бизнес идеяларды табу, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялар мүдделерін таныстыру мақсатында бір ғана «Атамекен» брендімен іскерлік орталықтар желісін құру жоспарланып отыр. Іскерлік үйлері шетелдегі қазақтардың диаспоралдық ұйымдарын қоғамдық бірлестіктер негізінде біріктіру арқылы жұмыс істейтін болады.

Іскерлік үйлері біртұтас цифрлық желіге біріктіріліп, кейін дербес сайт-парақшалары құрылады. Ал олардың жұмысын тұратын елінің азаматтығын алған отандас бизнесмендер жүзеге асырады.

Бизнес форумдар өткізу

Отандастарымыздың арасында іскер адамдар өте көп. Бірақ оларды анықтау, одан кейін тарту үшін қолда бар әлеуетті танытуға арналған, мүмкіндіктерді көрсететін арнайы шаралар өткізу қажет. Ондай шараның бірі- «Отандастар» Қоры ұйымдастырып, тұрақты өткізіп тұратын бизнес форумдар. Мұндай шаралардың басты міндеті – өткізілген елде қазақстандық бизнес қауымдастықты қалыптастыру, дарынды адамдарды және стартаптарды қоса алғанда, серпінді жобаларды іздеу.

Инвестиция тарту және серіктестер іздеу

Қордың отандастардың бизнес жобаларын іске асыруда оларды қаржылай қолдау көрсетуге ұмтылуы инвесторлар іздеуге, солар арқылы өтетін даму және бағдарламалар институттарын тікелей немесе жанама тартуға міндеттейді. Қор отандастардың бизнес идеяларын іске асыру жолында ұйымдастырушылық немесе қаржылық қолдау көрсете алатын «Атамекен» кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен және басқа да ұйымдармен бүгіннің өзінде бірге қызмет істейді.

Бизнес инкубатор құру

Astana Hub пен стартаптарды қолдау Қоры, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ, «Қазақ Инвест» АҚ және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарымен серіктес болу жаңа бастамаларды шынайы қолдауға арналған жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Одан бөлек, Қор міндеттері еңбекпен қамту бағдарламасы аясында Оқу-өндіріс орталығын ашу арқылы отандастарды кәсіби оқыту мен жаңа мамандыққа үйретуде кеңістікке шықты. Басымдық берілген бағыттар қатарында заманауи және дәстүрлі киімдер, әшекейлер, кәдесыйлар, азық-түліктер және басқаларды қоса алғанда, ұлттық бірегейлік нышандарымен байланысты өнім шығару бар.

Компанияның серіктестері:

Кері байланыс

Записаться