Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:
Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхатты ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының сәйкес тұру ықтиярхаты 10 жыл мерзімге, шетелдіктің азаматтығы бар елдің паспортының қолданылу мерзіміне беріледі.
ҚР тұру құқығының қолданылу мерзімін жаңа үлгідегі құжатты беру туралы өтінішті шетелдіктер мерзімі аяқталардан 1 ай бұрын тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына тапсыруы тиіс.
Жаңа тұру ықтиярхатын рәсімдеу кезінде шетелдік Қазақстанда тұрақты тұрушы мәртебесін жоғалтпайды.
ҚР-да тұруға ықтиярхатты “тұрақты тұру” санатындағы визаның негізінде ел аумағына келген шетел азаматтары ала алады.
Үкімет қаулысына сәйкес ҚР шетелдіктің тұру ықтиярхатын рәсімдеу үшін Көші-қон қызметі полициясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1)мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
2)өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр бір фотосурет ;
3)жарамды ұлттық паспорт.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа деректер үлттық паспорттарға сәйкес жазылады.
Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтарға он алты жастан бастап беріледі, он алты жасқа толмаған балаларға тұруға ықтиярхат қажет емес.
Тұрақты тіркеуге және тұруға ықтиярхатқа ие бола отырып, қандас мәртебесі негізінде жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алуға болады.
Жеңілдетілген тәртіп бойынша ҚР азаматтығын алу үшін облыстардың ПД бастығының атына өтініш береді. ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
Жеңілдетілген тәртіп бойынша ҚР азаматтығын қабылдау (бас тарту) туралы шешім 3 ай мерзімінде шығады.
"Қандас" мәртебесін алу үшін этникалық қазақтар «Құтты мекен» мобильдік қосымшасы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы өтінішпен қосып келесі құжаттырды тапсырады:
Қандас мәртебін беру жөніндегі өтінішті, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жанындағы арнайы құрылған комиссия қарастырады. Комиссия «қандас» мәртебесін беруден бас тарту немесе мынадай шарттарды ескере отырып «қандас» мәртебесін беру туралы ұсыным шығарады:
Қандас мәртебесінің мерзімі 1 жыл.
Қандас мәртебесін беруді қарастыру мерзімі – 35 жұмыс күні.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар «қандас» мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немес Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өздеріне бұдан бұрын берілген «қандас» мәртебесін ұзартуға өтініш береді.
Өтініш беру мерзімі өздеріне бұдан бұрын берілген «қандас» мәртебесі тоқтатылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.
Қандас мәртебесінің мерзімін ұзарту Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес 3 (үш) айдан аспауға тиіс.
Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері ҚР тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады және ҚР азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылданады.
«Қандас» мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.
Қандас мәртебесін беруге және (немесе) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері ҚР аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі.
Қазіргі уақытта «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» мемлекеттік мекемелері Қарағанды, Шымкент қалаларында және Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсукент ауылында жұмыс істейді және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Өтініш иелерінің Орталықта тұруы қандас мәртебесі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады, бірақ орналасқан күнінен бастап алты айдан көп емес.
Орталыққа жолдама алу үшін, «қандас» мәртебесін алып, Жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну қажет. Жолдама алған кезде қандас және оның отбасы мүшелері Орталыққа күнтізбелік үш күн ішінде орналасады.
Орталықта уақытша негізде тұру үшін қандастар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері тегін орналастырылады. Орталықта қандастардың қоғамға тезірек бейімделуі мен ықпалдасуына бағытталған жағдайлар жасалады.
Орталықта тегін тұратын қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне мынадай қызметтер көрсетіледі:
Орталыққа орналастыру және ол жерде қандастарды ұстау Қазақстан Республикасының медициналық қамсыздандыру, санитарлық саулық, сәулеттік реттеу, құрылыс саласы, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық салаларының талаптарына сай болуы тиіс.
Орталық қандастарды оқыту үшін қажетті әдістемелік құралдар мен материалдық-техникалық жабдықтармен қамсыздандырылады.
Қандастардың тіркелген мекен-жайы: Абай, Ақмола, Павлодар, СҚО, ШҚО, Қостанай, облыстарының бірінде болса, өңірлік квотаға ене алады.
Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген, қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді.
Өтінішке қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен мынадай құжаттар қоса беріледі:
Комиссия өтініш білдірушілердің тізімдерін алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көшіп келген отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды жабу үшін бір отбасына 12 ай ішінде ай сайын 15-30 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы Комиссияның шешімі шыққаннан кейін, қандас Жұмыспен қамту орталығына төлемдерді алу үшін жүгінуі қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
2023 жылға бір АЕК - 3450 теңгені құрайды. Осылайша, 4 адамнан тұратын орташа отбасы бір уақытта 280 АЕК алуға құқылы, бұл 966 000 теңгені құрайды.