«Jas Qazaq» жастар ұйымы
«Jas Qazaq» халықаралық жастар ұйымы (бұдан әрі – Ұйым) «Отандастар Қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) жанынан 2019 жылы қарашада құрылды. Ұйым өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, қоғамның тұжырымдамасы мен даму жоспарын, сондай-ақ осы тұжырымдаманы басшылыққа алады. Қоғамның идеялары мен құндылықтарын бөлісетін әрбір жас отандасымыз ұйымның мүшесі бола алады.
Ұйымның негізгі мақсаты – шет елдегі және елге оралған жас отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету.
- Ұйымның міндеттері:
- – Қазақстан Республикасына оралған қандас жастардың биімделуіне ықпал жасау;
- – Қазақстан Респбуликасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ықпалдастық таныту;
- – Қандас жастардың білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
- – Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру.
-
- Үйымның құзыреті. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін ұйымның келесі құқықтары бар:
- – Ұйымның мүшелерінің заңды құқықтарын қорғауға;
- – Шетелдегі және елге оралған жас отандастармен әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға;
- – Диаспоралдық саясат және жас отандастарды қолдау мәселелеріне қатысты жобаларды іске асыруға қатысуға;
- – Диаспоралдық саясат және жас отандастарды қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар ұсынуға;
- – Шетелдегі және елге оралған жас отандастарға қатысты мәселелер бойынша конференциялар, брифингтер, дөңгелек үстелдер, көрмелер өткізуге;
- – Ұйым мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл нәтижелері және өзге де қоғамдық маңызы бар мәселелер мен жобалар туралы жұртшылықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етуге;
-
- Ұйымға мүшелілік. Ұйым ерікті мүшелілік қағидаларының негізінде құрылып, әрекет етеді. Ұйымның мүшелері шет елде тұратын немесе елге оралған қандас жастар бола алады.
-
- Ұйымның мүшелері құқылы:
- – Ұйымның жиналыстарына қатысуға;
- – Ұйымның ұйымдастыратын іс-шараларына қатысуға;
- – Белгілі бір жобада жұмыс істеу үшін ұйым ішінде топтарға бірігуге;
- – Ұйымды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге, жылдық жұмыс жоспарын жасауға қатысуға;
- – Ұйымды дамытуға байланысты ұсыныстар енгізуге.
-
- Ұйымның мүшелері міндетті:
- – Үйымның қызметіне белсенді қатысуға;
- – Ұйымның жалпы жиналыстарына қатысу.
-
- Jas Qazaq ұйымдастырған бірқатар жобалар мен іс-шаралар