Пайдалы ресурстар

Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі 

Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуына жағдай жасалынады. Astana Hub миссиясы – инновациялық жобаларды дамыту орталығына айналу, серпінді IT-компанияларды шығару және әлемнің түкпір-түкпірінен жас және дарынды IT мамандарының сыни массасын тартудың ошағына айналу.

EL JASTARY бірыңғай интернет-ресурсы

EL JASTARY порталы арнайы жастар үшін, сондай-ақ жастар саясатын жүзеге асыруға мүдделі барша тұлға үшін құрылған. Порталдың «Жастар» ҒЗО» бөлімінде сіз «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметімен, компанияның тарихымен және қызметкерлерімен таныса аласыз. «Жастарға арналған мүмкіндіктер» бөлімінде сіз емханаға қалай тіркелу, университетке қалай грантқа түсуден бастап қаржылық сауаттылыққа дейінгі өмірдің түрлі саласындағы сұрақтарға жауап ала аласыз. Егер жақын жердегі Жастар ресурстық орталығын тапқыңыз келсе немесе сіз жастармен жұмыс істейтін ұйымның қызметкері болсаңыз, онда «Жастар ресурстық орталықтары» бөлімінде өзекті ақпарат және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ЖРО-лардың интерактивті картасын таба аласыз.