Жастар ресурстық орталығы немесе ЖРО – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым.
ЖРО негізгі міндеттері:
- Жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу;
- Бейресмибілім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, компетенцияларын және дербестігін дамыту;
- Өтеусіз негізде жастарға психологиялық, консультативтік және заң көмегін көрсету;
- Жастар ортасында волонтерлік қызметті дамыту, жас отбасылармен жұмыс жасау және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу;
- Әртүрлі бағыт бойынша және жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
- Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету.
ҚР-дағы ЖРО саны - 231.
ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛЬЯНСЫ
Қазақстан студенттерінің альянсы (әрі қарай – ҚСА) – студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғаушы жастар ұйымы. Ұйымның миссиясы: Қазақстан Республикасы студенттерінің зияткерлік, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асыру үшін жағдай жасау.
ҚСА мақсаты:
- Ел студенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
- Студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және дамыту
- Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
- Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру
- ҚСА ішкі және сыртқы әрекеттесуін жетілдіру
Қазақстан студенттер Альянсының негізгі жобалары:
- Республикалық жазғы, қысқы студенттер лагері
- «Жыл студенті» республикалық байқауы
- «Таза сессия» операциясы
- «Қалайсың, студент?», «Студенттер үйі 2.0» республикалық байқауы
- «Сіз қалай тамақтанасыз, студент?» республикалық байқауы
- «Қазақстан Республикасы студенттерінің қоғамдық көліктердегі артықшылықтары» қоғамдық мониторингі
- «Жас сақшы» құқық қорғау органдарының студенттік бөлімшелері