Qazalem порталы туралы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 82-тармағына сәйкес 2023 жылдың 17 сәуірінде Qazalem интернет-сервисі (Qazalem порталы) құрылды. Жоба операторы ретінде «Отандастар қоры» КЕАҚ бекітілді.

Qazalem порталы – Қазақстаннан тыс жерде тұратын отандастарымыздың басын қосып, оларға сервистік қызмет ұсынатын, сондай-ақ елде болып жатқан жаңалықтармен қамтамасыз ететін бірегей интернет-сервис.

Портал шетелдегі отандастарға арналған жобалармен толықтырылған:

-Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мен консулдықтарына портал арқылы алдын ала бронь қою модулі;

-Көп функционалды тіркеу формасы:

-Түрлі халықаралық іс-шараларға алдын ала тіркелу;

-Қазақстанға көшіп келуді жоспарлаған қандастар базасына тіркелу;

-Порталдың өзге қолданушыларымен байланысу мүмкіндігі;

-Гид ретінде тіркелу;

-Ерікті ретінде тіркелу;

-Қазақ тілін білу деңгейін анықтау функциясы;

-Серіктес компаниялар ұсынған инвесторларға және туристерге арналған ұсыныстар мен сервистер пакеті;

-“Отандастар қоры” ұсынған жобалар;

-400-ден аса фотосурет пен 55 тақырып бойынша ақпарат топтастырылған Қазақстан туралы цифрлық энциклопедия;

-Қазақстанға қатысты отандық және халықаралық іс-шаралардың аңдатпалары;

-Шетелдегі қазақтардың 111 ірі қауымдастығы туралы ақпарат көрсетілген дүниежүзілік интерактивті карта;

-Қандастарға заңдық-құқықтық кеңестер жарияланған бөлім;

-Интернет-қауымдастық, фан-клубтар, шетелдегі отандастар ұйымдары туралы ақпараттық бөлім;

Портал алдағы уақытта шетелдегі қолданушыларға арналған бірнеше бағыттағы қызықты жобаларды жарыққа шығаруды көздейді.

Атап айтқанда, қазақ тілі, ұлттық тағамдар, домбыра және тоғызқұмалақ бойынша бірнеше тілде онлайн курстар енгізбек. Сондай-ақ, қазақстандық гидтерге, еріктілерге, ұлттық брендтерге, шығармашылық байқауларға, бизнеске арналған жобалар да енеді.

Байланыс:

Email: qazalem.kz@gmail.com

YouTube: QAZALEM CHANNEL

Facebook: Qazalem.kz

Instagram: Qazalem.kz

Telegram: Qazalem.kz