Отандастар қоры жыл бойы онлайн форматта қазақ тілі курсын үздіксіз ұйымдастырады. Сабақтар қазақ-ағылшын, қазақ-орыс, қазақ-парсы және қазақ-түрік тілдерінде өткізіледі. Қатысушылар тілді білу деңгейі және тұратын елінің уақыттық ерекшелігіне қарай деңгейлік топтарға бөлінеді.
Қатысу - тегін!
Курсқа қатысу үшін 8 701 000 1404 What`s App нөміріне жазуыңызды сұраймыз.
Жобаның мақсаты. Ана тіліміздің таралу аймағын кеңейту, диаспора арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, үйрету
Жобаның міндеті. Әдебиеттер мен оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ этникалық қазақтар көп шоғырланған жерлерде қазақ тілін оқыту бойынша білім беру іс-шараларын өткізу, қазақ тілін қашықтан оқытатын «онлайн» класстар ашу.
Отандастар қоры 2019-2022 жылдары 12 мемлекетте 31 онлайн-сыныпты ашты. Ол үшін 24 қалада орналасқан қазақ ұйымдарын қазақ тілі курсына қашықтықтан қосылуы үшін техникамен (теледидар, ноутбук, веб-камера, аудио-колонка) жабдықтандырылды.
Онлайн-сыныптар тізімі:
1. Ыстанбұл, Түркия – "Қазақ-түрік білім және зерттеу қоғамы";
2. Ыстанбұл, Түркия – "Қожа Ахмет Яссауи атындағы қор";
3. Париж, Франция – "Қорқыт" қазақ мәдени орталығы;
4. Берлин, Германия – "Герман-Қазақстандық қоғамы";
5. Хьюстон, АҚШ – "Шаңырақ" қоғамдық ұйымы;
6. Минск, Беларусь – М.Әуезов атындағы №143 орта мектеп;
7. Горган, Иран – "Иран қазақтары" қоғамдық ұйымы;
8. Омбы, Ресей;
9. Түмен, Ресей – "Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы" (Ишим қаласы);
10. Түмен, Ресей – "Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы" (№12 мектеп);
11. Қосағаш, Ресей – "Қосағаш ауданы қазақтарының жергілікті қоғамдық ұйымы";
12. Лондон, Ұлыбритания – "UK Kazakh Association";
13. Антверпен, Бельгия – "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігі;
14. Бішкек, Қырғызстан – "Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі;
15. Санкт-Петербург, Ресей – "Ата-Мекен" өңіраралық қоғамдық бірлестігі;
16. Орынбор, Ресей – "Бәйтерек" қайырымдылық қоры;
17. Эрдэнэт, Моңғолия – "Ертіндідегі қазақ мәдени орталығы";
18. Орск, Ресей – "Шашу" қазақ ансамблі;
19. Киев, Украина – "Достық" қазақ қоғамдық ұйымы;
20. Новосібір, Ресей – "Отан" қазақ мәдени орталығы" Новосібір аймақтық қоғамдық ұйымы;
21. Мәскеу, Ресей – "Қазақ диаспорасы" Мәскеу қоры" коммециялық емес ұйымы;
22. Омбы, Ресей – №100 мектеп;
23. Орынбор, Ресей – "Бәйтерек" қайырымдылық қоры;
24. Самара, Ресей – "Ақ жол" қазақтардың ұлттық-мәдени автномиясы" Самара аймақтық қоғамдық ұйымы;
25. Қобда, Моңғолия – "Әди-достық" қоғамдық бірлестігі;
26. Омбы, Ресей – "Мөлдір" қазақ мәдениеті орталығы;
27. Челябі, Ресей – "Азамат" қоғамдық ұйымы;
28. Саратов, Ресей – "Достар" қоры;
29. Астрахань, Ресей – "Қазақ мәдениетін дамыту қоры";
30. Астрахань, Ресей – Калинин орта мектебі;
31. Самара, Ресей – "Ақ жол" қазақтардың ұлттық-мәдени автномиясы" Самара аймақтық қоғамдық ұйымы.