Қазақ тілін үйренуге арналған қосымша ресурстар

Abai.institute – Портал тек қазақ тілін үйренуге ғана емес, қазақ мәдениеті, дәстүрі мен тарихын білуге де арналған. Сабақтар грамматикалық және тақырыптық жаттығулардан, жиі қолданылатын сөз тіркестерінен тұрады. Ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы тілдерінде қолжетімді.

Soyle.kz – Қазақ тілін үйренуге арналған ірі жобалардың бірі. Портал алты бөлімді қамтиды, курстың өзі 6 деңгейге бөлінген. Олардың әрқайсысы 10 сабақтан тұрады. Сондай-ақ смартфонға арналған мобильді қосымшаcы бар. Ағылшын, орыс, түрік тілдерінде қолжетімді.

Tllqural.kz – Қазақ тілін өздігінен оқуға арналған веб-платформа және мобильді қосымша. Платформаның мазмұнын қазақ филологтары мен тіл мамандары жасаған. Геймификация элементтері бар интерактивті жаттығуларды қамтиды. Ағылшын, орыс тілінде қолжетімді.

Kazneb.kz – Электронды кітапхананың мақсаты – электрондық құжаттардың ұлттық кітапхана қорын қалыптастыру, халықаралық ақпарат алмасу тиімділігін арттыру. Мақсатты аудитория: Ұлттық орталықтар, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық және инженерлік зертханалар, академиялар, оқытушылар құрамы, студенттер және жеке ұйымдар мен мамандар.

Kaz-tili.kz – «Казахский язык. Просто о сложном» порталын балаларға үй тапсырмасына көмектесу үшін қазақ тілін үйренген алматылық Татьяна Валяева жүргізеді. Бұл процесте ол тілдің грамматикасын жақсы есте сақтау үшін кестелер әзірледі. Бүгінде толыққанды қазақ тілін үйренуге арналған сайтқа айналды.

Bala.soyle.kz – Soyle.kz сайтының кішкентайларға арналған жобасы. Платформа мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықтарын ескере отырып жасалған және оқыту ойын түрінде өтеді. Мұнда балалар әліпбимен танысып, жаңа сөздерді, санауды үйренеді, мультфильмдер көреді, ән айтады, тақпақ жаттайды, бояу парақтарын бояйды.

Morpho.kz – Қазақ тілі – агглютинативті тіл. Яғни, мұнда сөздің түбіріне қосымшаларды қосу арқылы сөз формалары мен грамматикалық конструкциялары өзгереді. Morpho.kz қосымшаларды сөздерге дұрыс қосуға көмектеседі. Қазақ тіліндегі белгілі бір сөздің бейімділігін білу үшін оны сайттың іздеу жүйесіне енгізу жеткілікті.

Tattialma.kz – «Тәтті Алма» 4 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған тапсырмалары, жаттығулары және ойын симуляторлары бар интерактивті ойын түріндегі сайт. Сайт екі негізгі функцияны біріктіреді: олардың біріншісі – бастауыш сынып оқытушыларына бағытталған және оларды қазақ тілінде оқыту контентімен қамтамасыз етуді көздейді; екіншісі – балаларға арналған ойын түріндегі білім беру бағдарламасы.

Tilmedia.kz – Сайт қазақ тілін оқу, көру және тыңдау арқылы үйренуге мүмкіндік береді. Себебі сайттағы оқыту әдістемесі аудио және бейнеге негізделген. Тіл үйренушілерге сайтта бейне оқулықтар, көркем және балалар әдебиеті, тілдің өзекті мәселелері туралы ақпараттар,  мультфильмдер мен аудиокітаптар қолжетімді.

Emle.kz – портал қазақша дұрыс жазуды үйретеді. Сайт бекітілген қазақ тілінің қазіргі емле сөздігі негізінде құрылған. Мұнда сіз әдеби тілдің нормаларымен танысып, қазақ тілінің емле және тыныс белгілерінің ережелерін дұрыс қолдануды үйрене аласыз.

Sozdikqor.kz – Қазақ тіліндегі 400 мыңға жуық ескірген және жаңа сөздер, терминдер мен жиынтық тіркестер ұсынылған әмбебап платформа. Сайтта енгізілген мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін дерекқордағы синонимдермен алмастыра алатын синонимизатор бар.

Termincom.kz – Бұл еліміздің бірыңғай терминологиялық электрондық базасы. Сайтта қолданыстағы терминдердің қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ бекітілген салалық нұсқалары, терминдер, әдебиеттер мен терминология саласындағы сөздіктер бар. Портал дерекқорында барлығы 383 534  термин бар.

Kitap.kz. Тіл үйренудің ең тиімді әдістерінің бірі – кітап оқу арқылы тіл үйрену. Сайт кітапханасында 500 автордың 5000-нан астам кітабы бар. Мұнда қазақ тіліне аударылған үздік оқулықтар авторлардың мен кітаптары, әлемдік сондай-ақ қазіргі қазақ ақын-жазушыларының шығармалары жинақталған. Барлығы авторлық құқыққа жатады.

Resmihat.kz – порталы құжаттар мен іскерлік хаттарды қазақ тілінде дұрыс дайындауға көмектеседі. Мұнда ресми құжаттарды әзірлеуге арналған дайын шаблондар мен типтік фразалар жинақталған. Cондай-ақ лексикологиялық және қазақша-орысша үйлесімділік сөздігі мен емле ережелерінің жиынтығы бар.

Qazlatyn.kz – Мәтіндерді кирилл ғаріпінен латын, төте ғаріптеріне (және керісінше) онлайн түрлендіруге арналған әмбебап сервис. Сайтта қазақ латын әліпбиіндегі кітаптарды оқуға болатын онлайн кітапхана бар.

Balatili.kz – қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.

Qazcomics.kz – «Ұлы дала аңыздары» онлайн жобасы аясында веб-графикалық романдар сериясы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильді қосымшасы әзірленді. Қазіргі таңда «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Жұмбақтас», «Еңлік Кебек», «Шайтанкөл», «Естай – Қорлан», «Ертөстік», «Алпамыс» «Балхаш», «Айша бибі», туындылары жарық көрді.

ҚАЗТЕСТ – TOEFL, IELTS, TÖMER сияқты халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің қағидаттары мен талаптарына негізделген, азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. ҚАЗТЕСТ-тің құрылымдық жүйесі 5 бөліктен тұрады: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым, лексико-грамматикалық құрылым.

Atau.kz – Ономастикалық электронды база. Электрондық ономастикалық деректер базасында Қазақстандағы жер-су атауларының толық тізімі, атау беру ережелері мен ережелері бар. Сайттың мақсаты – қалалардағы көшелердің, мәдениет мекемелерінің және түрлі нысандардың ономастикалық атауларын бір жүйеге келтіру.

Qonzhyq App – қазақ ауыз әдебиетін жаңғыртуға, үйренуге және дамытуға бағытталған балалар мен ересектерге арналған қазақ тіліндегі тегін қосымша. Оны тегін жүктеп алуға болады және ондағы барлық материалдар қазақ және орын тілдерінде берілген. Қосымшада оқыту бөлімі, мультфильмдер, түрлі аспаптардағы күйлер, дәстүрлі бесік жыры ертегілері, музыка және Абай Құнанбаевтың қара сөздері бар.

Ozinshe app – алғашқы балаларға және жасөспірімдерге арналған отандық стиминг-сервис. Қосымшада фильмдер, телехикаялар, ситкомдар, анимациялық жобалар, телебағдарламалар мен реалти-шоулар, аниме және тағы басқаларды тегін көру мүмкіндігі бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

OrdaGen жобасының мақсаты – ұлттық және адамзатқа ортақ биік құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдеп, аңыздар мен ертегілер арқылы болашақ ұрпақтың санасына сіңіру. Бұл қосымшада жинақ кітаптарда жоқ ертегілердің мәтіні, аудио нұсқаларын оқып, тыңдай аласыз. Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды.

Sozalemi.kz – Латыннегізді қазақ әліпбиін балалар мен ересектерге үйретуге арналған мобильді қосымша. Ойын форматына негізделген қосымшаны "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы жасаған.

QazaqLingo – 300-ден астам сабақтары мен 5000 практикалық тапсырмалары бар қазақ тілін үйренуге арналған қосымша. Қазақ тілін ойын форматында үйренуге арналған таптырмас қосымша.

QazOnline – Бұл мобильді қосымша көмегімен аз ғана уақытта қазақ тілін қарапайым және базалық деңгейде әлдеқайда жеңіл, оңай әрі тез үйреніп шығуға болады. Тіл үйрену уақытын өзіңіз жоспарлайсыз. Cабақтар сізге кез-келген уақытта қол жетімді. Үйде, жұмыста, демалыста, кафеде, кешкі уақытта, кез-келген жерде!

Bilimland Kids – балаларға арналған қазақша әндер! Балаларға арналған көңілді әндер топтамасында түрлі түсті сүйкімді кейіпкерлердің өлеңмен баяндайтын қызықты оқиғалары балаңыздың тілінің тез шығуына жәрдемдесіп, қазақ тілін сауатты меңгеруіне негіз болады.

Telegram-бот қазақ тілінде жазылған мәтінді жоғары деңгейде дыбысқа айналдырып, түрлендіре алады. Бот мәтінді жылдам әрі сапалы дыбыстап, пайдаланушыға аудиофайлды кез-келген уақытта тыңдай алатындай етіп қайта жолдайды. Қазіргі уақытта бот Айгүл мен Дәулеттің дауысы арқылы дыбысталады.