Ресейдегі қандастармен онлайн «Қандастар форумы» өтті

14 Қазан, 2020

«Отандастар қоры» Қандастарды қолдау департаментінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 12 қазан күні Ресей Федерациясында тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн-кездесу өтті.

Кездесуде алғашқы сөзді алған «Отанадастар қоры» КеАҚ президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин өз сөзінде «Отандастар қорының» білім беру, мәдени және бизнес бастамаларды қолдау шаралары туралы айтып өтті.

Жиын барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басақармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, ҚР Сауда және интерграция министрлігінен Жалғас Балғожин Ресеймен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту бойынша бүгінге дейінгі атқарылған іс-шаралар және жетістіктер туралы әңгімеледі.

«KazInvest» ҰК» АҚ-ы өкілі Данияр Айткулов шағын және орта бизнес салаларына инвестиция тарту жолдарын, сонымен қатар қандастарымызға Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Өз кезегінде Ресейде тұратын қандастарымыз әлемдік пандемияның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына тигізген кері әсері тұрғысында сөз қозғады. Сондай-ақ, жақында ғана Омбы қаласында ашылған «Абай» мәдени-іскерлік үйінің Ресейдің басқа қалаларында да ашылуына тілек білдірді. Кездесуге Ресейдің 10 аймағынан 30-ға жуық қандастарымыз қатысты.

Ресейдегі қандастармен онлайн «Қандастар форумы» өтті