Анталия қаласында түркі әлемінің ұлы ақыны, композитор, қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Анталиядағы Консулдығы, Қазақстан және Еуразия халықтарының достық пен мәдениет қауымдастығының бастамасымен Анталия қаласындағы саябаққа Абай Құнанбайұлы есімі берілді.
Саябақта Абайдың мәрмермен қапталған еcкерткіш тақтасы орнатылып, ашылу салтанатына Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Анталия қаласы Мұратпаша ауданының мэрі Үміт Уйсал, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» қорының атынан Лятифа Кучембаева, Қарлығаш Қожамұратова, Қожа Ахмет Яссауи университеті Өкілетті кеңесінің Төраға кеңесшісі, профессор Фырат Пурташ, Республикалық Халық партиясының Анталиядағы төрағасы Нусрет Баяр және орынбасары Рафет Зейбек, Қазақстан және Еуразия халықтарының достық пен мәдениет қауымдастығы мүшелері, жергілікті қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Алқалы жиын барысында шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Абай шығармашылығынан белгілі өлеңдері оқылып, ән-күйі шырқалып, кітаптары сыйға тартылды.