×
Алибек Жұрқадам 1987 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2009 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр дәрежесін иеленді. 2011 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2007 жылы экономист лауазымынан бастаған. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында («Литер Газеті» ЖШС, «KazPress» ЖШС, «Nomad Press» ЖШС, «Аргументы и Факты в Казахстане» ЖШС) экономика және қаржы бойынша директордың орынбасары ретінде 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарған.
2019 жылдың қазан айынан бастап «Отандастар қоры» КЕАҚ-та экономика, қаржы және құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарып келді.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Үйленген, төрт баланың әкесі.