Форум туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз. Бұл мәселе – менің жеке назарымда», – деген сөзі еліміздің шетелдегі отандастармен байланыстарының тиімділігін одан әрі арттыру қажеттігін білдіреді.

Форумға тек этникалық қазақтар ғана емес, сондай-ақ Қазақстанда кіндік қаны тамған жандар мен олардың ұрпақтары да шақырылған. Жалпы 300-ден аса қонақ келеді деп жоспарлануда, оның 200-ге жуығы шетелдік делегаттар. Олардың қатарында қазақ мәдени ұйымдарының басшылары мен белсенділері, саясат, мәдениет, ғылым, білім, медиа, бизнес саласының тұлғалары бар.

Іс-шара семинар-форум форматында өткізіліп, шет елдердегі қандастарға креативтік индустрия, медиа, мәдениет, кәсіпкерлік салаларындағы тың трендтер, еліміздің инвестициялық ахуалы мен соны бастамалары таныстырылады. Шет елдердегі қазақ ұйымдарының басшылары мен отандық түрлі сала өкілдері бір алаңда кездесіп, бір-бірімен байланыс орнатуына, тәжірибе алмасуына жағдай жасалады.

Форумның мақсаты  шетелдегі қазақ ұйымдарымен өзара түрлі ынтымақтастық мәселелерін талқылау; еліміздің жаңа кезеңдегі мемлекеттік саясат пен саяси – экономикалық реформаларымен, сондай-ақ ұлттық руханиятқа қатысты заманауи трендтермен таныстыру; шетелдегі қазақтарды қолдауда Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты; шетелдегі қазақ жастарына Қазақстанда сапалы білім алуда және өз қабілеттерін іске асыруда, сондай – ақ елге көшіп келетін қандастарға мемлекет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шаралары туралы ақпараттандыру.

@endsectionript>