Ақысыз қоңырау
Ұялы телефоннан
Елбасы шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды қолдау үшін «Отандастар» қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен» бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау мен көмек берудің іс-шараларын анықтап берді. Осы шараларды бірлесіп атқару мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан Қоғамдық Комиссия (әрі қарай - Комиссия) құрылды.
Фото 1 – Қоғамдық Комиссияның бірінші отырысы.
Шеттегі қандастарымызға байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:
- шеттегі қандастарымызды жан-жақты қолдау;
- Қазақстанға көшіп келген ағайындардың бейімделуіне көмек беру;
- мемлекеттік диаспоралық саясатты бағдарламалық және заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету.
Осы ретте, Комиссияның негізгі міндеті – мемлекеттік диаспоралық саясатты қалыптастыруда және отандастарға қолдау көрсетуде атқарылатын шаралардың жүзеге асырылуына жан-жақты ықпал ету.
Комиссия құрамында мемлекеттік және қоғам қайраткерлері - Қуандық Тұрганқұлов, Оралбай Әбдікәрімов, Айдос Сарым, Түркітану және Алтай ғылыми-зерттеу орталығының директоры - Сартқожа Қаржаубай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамыраев, Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы Серік Ақылбай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, сондай ақ ғалымдар, саясаттанушылар, сарапшылар.
Комиссия мүшелері бір ауыздан, мемлекеттік қайраткер, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлын комиссия төрағасы етіп сайлады.
Фото 2 – Қоғамдық Комиссия мүшелері.
Диалог алаңының жұмысы барысында Қоғамдық Комиссияның 3 отырысы ұйымдастарылып, келесі мәселелер қаралды:
- ҚР Сыртқы істер министрлігінің қазақ диаспора мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы.
Қоғам тарапынан шетелде тұратын қазақтардың мәселелерін зерттеу бойынша жиынтық-талдамалық зерттеулер мен отандастарды Отанына қайтарудың мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу жобалары жүргізілді. Нәтижесінде «Шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың шаралар кешеніне ұсынымдар» және «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеудің қажетті құқықтық негізін құру болып табылады.
Фото 3 – Қоғамдық Комиссияның үшінші отырысы.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатының, халықтар мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды бағыты болуға тиіс шетелдегі отандастармен қатынастарды дамытуға негізделеді. Мәселен, шетелде тұратын отандастар өздерінің азаматтық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, мәдени, білім беру, ақпараттық және өзге де қолдау түрлерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасына сенім артуға құқылы.
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссиясының 2019 жылға жұмыс жоспары
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясының құрамы
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссиясы І отырысының хаттамасынан үзінді
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы ІІ отырысының хаттамасынан үзінді
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы ІІІ отырысының хаттамасынан үзінді
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы ІV отырысының хаттамасынан үзінді
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы V отырысының хаттамасынан үзінді
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы VІ отырысының хаттамасынан үзінді
Елбасының шетелдегі қазақтарды жан жақты қолдауға қатысты берген тапсырмаларды орындау мақсатында «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жанынан Ғылыми-сараптамалық кеңес (әрі қарай - Кеңес) құрылды.
Кеңестің мақсаты диаспоралық саясат мәселелерін шешу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.
Кеңес құрамы елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаты, танымал ғалымдардан тұрады.
Кеңестің негізгі міндеті - диаспоралық саясат мәселелері және шетелдегі отандастар мен тарихи Отанына келген этникалық қазақтардың әлеуметтік-құқықтық жағдайын зерттеу бойынша Қоғамның қызметін ғылыми-сараптамалық және талдамалық сүйемелдеу.
Фото 1 – Ғылыми-сараптамалық кеңестің бірінші отырысы.
Кеңес құрамында Конституциялық Кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Унзила Шапақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының этносаралық және конфессияаралық қатынастар орталығының басшысы, əлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова, «Астана» Халықаралық университетінің жоғарғы құқық мектебінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Амандықова, басқа да ғалымдар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері.
Комиссия мүшелері бір ауыздан, ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековті комиссия төрағасы етіп сайлады.
2019 жылы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің 2 отырысы ұйымдастырып, онда келесі мәселелер қарастырылыды:
- «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының Тұжырымдамасын талқылау;
- Шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдарды талқылау;
- Шеттегі және елге келген ағайындарды қолдау саласында қолданылатын терминологиялық аппарат бойынша ұғымдарды талқылау.
Фото 2 – Ғылыми-сараптамалық кеңестің екінші отырысы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының «Қоғамдық сананы жаңғырту және шетелдік қазақтар» (2017 жылғы 23 мамырдағы №17-32-39.1 протокол) V-ші құрылтайында отандастарды жан-жақты қолдаудың кешенді шараларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Осы тапсырмаларды орындау мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қоғам) және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдар әзірлеуде.
Кешенді шаралар шетелдегі қазақтарға мәдени-гуманитарлық қолдау көрсету және репатрианттардың қазақстандық қоғамға бейімделуі және кірігуіне қажетті жағдайлар жасаудың негізгі бағыттарын белгілейді.
Кешенді шаралар мақсаты – бүкіл әлем қазақтарының тарихи және этникалық Отанының айналасында шоғырлануына ықпал ететін шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдау. Осы және басқа да ұсынымдар «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысында талқыланды.
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Ғылыми сараптамалық Кеңестің 2019 жылға жұмыс жоспары
«Отандастар Қоры» КЕАҚ жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңес құрамы
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің І отырысының хаттамасынан үзінді
«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің ІІ отырысының хаттамасынан үзінді