«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы V отырысының хаттамасынан үзінді

2020 жыл, 27 қазан, сағат 16.00.

Қоғамдық Комиссияның төрағасы - Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы.

Қатысқандар:

Ақмола облысы әкімінің орынбасары – Тәткеев Малғаждар Саттарұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Бимендина Гүлжахан Амангелдіқызы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары –Абулхатин Ерболат Махамбетұлы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Көші-қон процессін мониторингілеу басқармасының басшысы – Айтқұлов Дастан Асқарұлы, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы – Қошманов Алмаз Темірболатұлы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қазақ диаспорасымен жұмыс жасау басқармасының басшысы – Кәрібай Мұхтар Ахатұлы, сарапшысы – Б. Тоққұлов,  «Отандастар қоры»  КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-ның (бұдан әрі – Қауымдастық) қызметкерлері, Қоғамдық комиссияның мүшелері (тізім бойынша).

КҮН ТӘРТІБІ:

- «Ақмола облысы «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылындағы қандастарға салынған үйлердің заңдастыру мәселесі» -  Ақмола облысы әкімінің орынбасары Тәткеев Малғаждар Саттарұлы;

- «Қазақстан бойынша облыстарда, оның ішінде елді мекендер бөлінісіндегі ауыл шаруашылық мақсатында қолдануға жарамды, бос жер телімдері және оларды ерікті қоныс аударушы қандастарға берілу мүмкіндіктері» - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Бимендина Гүлжахан Амангелдіқызы;

- «Этникалық репатрианттарға қатысты ұзақмерзімді тұрақты мемлекеттік миграция сасясатын солтүстік өңірлерде жандандыру туралы» - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, экон. ғылым. кандидаты, «Асар» РҚБ төрағасы Қайрат Бодаухан;

- «Солтүстік-Қазақстан облысының шетелдерден қоныс аударушы қандастарды үй жайлармен қамтамасыз ету және бейімделуіне жәрдемдесу бағытында атқарып жатқан шаралары жайлы» -  Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы  Қошманов Алмаз Темірболатұлы.

Комиссия отырысының күн тәртібінде белгіленген барлық мәселелер қаралып, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

- «Ақмола облысы «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылындағы қандастарға салынған үйлердің заңдастыру мәселесі туралы» Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлының баяндамасы негізінде мәселенің шешілу барысы туралы «Отандастар қоры» Қоғамы ақпарат құралдарында тиісті жұмыстарды жүргізсін.

- «Қазақстан бойынша облыстарда, оның ішінде елді мекендер бөлінісіндегі ауыл шаруашылық мақсатында қолдануға жарамды, бос жер телімдері және оларды ерікті қоныс аударушы қандастарға берілу мүмкіндіктері» туралы ақпарат «Отандастар қоры» Қоғамы тарапынан шетелдегі қазақтар мен елге келген қандастарымыздың арасында кеңінен тарату жұмыстарын жүргізсін.

- «Этникалық репатрианттарға қатысты ұзақмерзімді тұрақты мемлекеттік миграция сасясатын солтүстік өңірлерде жандандыру туралы» баяндама бойынша этникалық миграцияны ынталандыру мақсатында:

- Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізу;

- «Уақытша орналастыру орталықтарын» толық жабу;

- Қандастарды қоныстандыру үшін ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерде, сондай-ақ қарқынды репатриациялық процестер байқалатын өңірлерде «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары» мекемелерін міндетті түрде құру, оларды толық қаржыландыруды жүзеге асыру;

- ҚР Көші-қон саясатының тұжырымдамасында этникалық қазақтарды репатриациялау бөлігінде көші-қон саясатының бәсекелестік қағидатына көшу жөніндегі ұсыныстар қолдансын.

«Отандастар қоры» Қоғамы тарапынан аталған ұсыныстар пысықталсын және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ҚР Үкіметі жанынындағы Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару үшін ұсынылсын.

«Солтүстік-Қазақстан облысының шетелдерден қоныс аударушы қандастарды үй жайлармен қамтамасыз ету және бейімделуіне жәрдемдесу бағытында атқарып жатқан шаралары жайлы» мәліметтер кеңінен ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде насихатталсын.

27 Қазан, 2020

Кері байланыс

Записаться